Сенбі, 04 мамыр, 14:40

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№35 — 2045
04.05.2024
PDF мұрағаты

“Еңсесі биік елорда” атты мерекелік шара өтті

08.07.2023

526 0

Астана күні – барша қазақстандықтар үшін мерейлі мереке. Бүгінде еліміздің жүрегі атанған елорда — армандар орындалатын, зор мүмкіндіктерге қол жеткізетін қала. Бүгін Қызылорда қаласындағы Тұңғыш Президент саябағында еліміздің бас қаласы — Астананың 25 жылдық мерейтойына арналған “Еңсесі биік елорда” атты мерекелік іс-шара өтті. Шараға облыс әкімі аппаратының басшысы Шахмардан Байманов қатысып, Сыр жұртшылығын мерейлі мерекемен құттықтады.Астана – бірлік пен берекенің, Отанымыздың толағай табыстарының символы, халқымыз қол жеткізген шексіз мүмкіндіктердің үлгісі. Өздеріңізге белгілі, алты Алаштың анасы – Сыр өңірі де төрт астананың төрі болған қасиетті мекен. Ұлы дала астаналарының көшін жалғап, Игі шараға жиналған қауым Астана қаласына қатысты қызықты сұрақтарға жауап беріп, іс-шараға белсене қатысты. Мереке одан әрі концертпен жалғасты. Айта кетейік, Астана күніне орай қала және барлық ауданда мәдени-көпшілік іс-шаралар мен танымдық кездесулер өткізілуде.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: