Сейсенбі, 16 сәуiр, 20:32

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№30 (2040)
16.04.2024
PDF мұрағаты

Халің қалай, тәртіп сақшысы?

24.09.2022

909 0

Қалалық мәслихат депутаттары жергілікті полиция бөлімшелерінің материалдық-техникалық жағдайымен танысу мақсатында учаскелік полиция пункттерін аралады. Халық қалаулылары алдымен М.Мәметова атындағы педагогикалық колледж жатақханасына орналасқан №2 учаскелік полиция пунктіне барды.

Ішкі істер министрлігінің талабына сәйкес бір қызметкерге 7,5 шаршы метр орын қаралу керек болса, мұнда 4 қызметкер 10 шаршы метр боларлық бір бөлмеде жұмыс істеуде. Мәселенің мән жайын терең зерделеген депу­таттар кездесу барысында бөлімше пункті заманауи талапқа сай емес екенін айтты. Сонымен қатар полиция қызметкерлеріне берілген арнайы автокөлік те ескі екені еске­ріліп, пайдалану мерзімі біткенін жеткізілді.   

– Бұл аймақта 38 азамат профи­лактикалық есепте тұрады. Халықтың қауіпсіздігі біз үшін басты міндет саналады. Тұрғындар тыныш­тығын күзетуде әріптестерім қырағы­лық танытуда. Тәр­тіп – басты мақсат. Сон­дықтан ел қауіпсіздігі үшін еңбек етудеміз. №2 пунктте халық саны 16450 адамды құрайды. Оның ішін­де 52 көп­қабатты үй, 9 білім беру мекемесі, 5 ірі сауда орындары мен 107 кәсіпкерлік нысан жұмыс істеуде. Полиция қызметкерлері екі ауысым негізінде қыз­мет атқаруда. Біздегі түйткілді мәселелерді терең зерделеген халық қалаулылары мемлекет тара­пынан қолдау көрсе­тіліп, полиция пунктіне қажетті құрал-жабдықтармен толыққанды қамтамасыз етілетінін айтты. Бұл біздің жұмы­сымызға берілген оң баға, үлкен қолдау деп түсінеміз, – дейді қалалық полиция басқармасының басшысы Әділбек Жаназаров.

Халық қалаулыларының кезекті кездесуі «Ақсай» полиция бөлімі ғимаратында жалғасты. Бұл нысан 1987 жылы салынып, 1993 жылы ішкі істер органына пайдалануға берілген. Мұнда азаматтарды қабылдау бөлмесі қаралмаған, мәжіліс залы жаб­дықталмаған. Ғимарат күрделі жөн­деу жүргізуді және материалдық құралдармен қамтамасыз етуді қажет етеді. Түйткілді мәселелердің түйінін тарқатуда халық қалаулылары тиісті қолдау болатынын жеткізіп, мәселелер ретімен шешімін табатынын айтты.

– Бірінші кезекте қоғам тыныштығы сақталуы керек. Бейбіт тұрғындар өз Отанында алаңсыз күн кешуі үшін тәртіп сақшылары қызмет етуде. Ал жұмыстың жүйелі жүргізілуі үшін жауапкершілік болуы маңызды. Ол үшін жұмыс жағдайы жасалуы керек. Міне, осы мақсатта депутаттар полиция бөлімшелерін аралап, ішкі сыртқы жағдайымен түгел танысып шықты. Сессия барысында қажетті шараларды қарап, хаттама негізінде шешім шығарамыз. Бұл депуттық сағаттың бір көрінісі ғана. Осы мақсаттағы жұмыстар әр сала бойынша тұрақты өткізіліп тұрады. «Ақсай» полиция бөлімінде 8 айда 400 қылмыстық оқиға тіркелгені айтылды. Бұл – үлкен мәселе. Аталған бөлімнің қызмет көрсету аумағы да көлемді екендігін білеміз. Белкөл кенті, Талсуат, Қызылөзек, Қарауылтөбе, Қосшыңырау ауылдық округтерімен қаладағы Әл-Фараби, Шанхай, Гагарин, Титов, КБИ, Коммунизм, Комсомол шағын аудандары бекітілген. Белгіленген кестеге сәйкес арнайы жұмыс тобы жасақталғаны айтылды. Олар ұсақ құқық бұзушылықтың алдын алып, қылмыстық оқиғаларды болдырмау мақсатында күндіз-түні жұмыс істеуде. Ендеше оларға тиісті қолдау көрсетілуі тиіс, – дейді қалалық мәслихат хатшысы Ибадулла Құттықожев өз сөзінде.

Баспасөз турынан соң қалалық мәслихаттың мәжіліс залында арнайы жиын өткізіліп, оған қалалық мәслихат депутаттары, бөлім басшылары қатыс­ты. Жиында түрлі мәселелер талқы­ланып, сессия отырысында шешім қабылдайтыны айтылды.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: