Жұма, 29 наурыз, 16:06

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№24(2034)
23.03.2024
PDF мұрағаты

Халыққа жақындаудың бір үлгісі

24.03.2023

1016 0

Бүгінде жан-жақта қызу тіршілік жүруде. Соның ішінде жол жөндеу жұмысы қарқынды. Қала орталығындағы жалпы ұзындығы 4,2 шақырым болатын Сұлтан Бейбарыс көшесін қайта жаңғырту жұмысы қолға алынды. Ақпан айында басталған жолдың құрылысы осы жылдың тамыз айында аяқталады деп жоспарлануда.

Қаланың үлкен көшесінің бірі Сұлтан Бейбарыс көшесі де, облыстық әкімшіліктің алды да жаңаша болып өзгермек. Осы аптада әкімшілік ғимаратының алдындағы қоршаулары алынды.

Негізі Сұлтан Бейбарыс көшесін қайта жаңғырту, екі жағын кеңейту халықтың өтініші еді. Соған орай биылдан бастап бұл жұмысты қолға алдық. Көше 4 және 6 жолақты болып кеңейтіледі. Өйткені көлік кептелісі өте көп. Оған қоса әкімшіліктің айналасындағы қоршаулардың барлығы алынады. Бұдан былай халықтан қымталып отырмаймыз. Мұның өзі халыққа жақындаудың бір үлгісі деп білемін. Қоршаулар алынып, алдына екі субұрқақ, сквер, аллеялар мен автотұрақтар салынады деп жоспарлануда, – деді облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев осы көшенің құрылысын аралау барысында.

Қазіргі күні Сұлтан Бейбарыс көшесінде реконструкциялау жұмысы жүріп жатыр. Жалпы осы жолды кеңейту мақсатында жобалық-сметалық құжаттарды әзірлеп, республикалық бюджетке ұсынылған еді. Бюджеттен тиісті қаражаттар бөлінуде. Бұл жолдың мердігері «УАД» ЖШС, техникалық қадағалаушы мекеме «Алатау сапа құрылыс» ЖШС, авторлық қадағалаушы мекеме КБ «МунайГазИнжиниринг» ЖШС.

Осы кезде Назарбаев даңғылынан бастап, Құмкөл трассасына дейін реконструкциялау жұмысы жүргізілуде. Бұл жобаның құны 2 млрд 349 млн теңгені құрайды. Негізі жолдың сапалы әрі ыңғайлы болуы үшін тиісті мекемелермен күнделікті қадағалау жүргізілуде.

Сондай-ақ Сұлтан Бейбарыс көшесінде заманауи жарық шамдар мен аялдамалар және жаяу жүргінші жолдар салынады. Бұл көше 4 жолақты болып кеңейтіледі. Осының нәтижесінде қала орталығында кептелістер азайып, автомобиль жолы кеңеймек. Оған қосаосы көшесінің облыстық мешіттің арғы бет жағы да кеңейтіледі. Ол жағы 6 жолақты болады. Сонымен қатар облыстық әкімшілік ғимаратының алдына құрылыс жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Мамандардың айтуынша, күз мезгіліне дейін халық игілігіне табысталатын болады.

Ақтолқын НҰРЛЫБАЙ

Суретті түсірген Нұрболат НҰРЖАУБАЙ

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: