Жұма, 17 мамыр, 08:25

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№38-2048
14.05.2024
PDF мұрағаты

Ілкімді істер қала тазалығы үшін

30.08.2023

930 0

Биыл қаламыздың жол-инфрақұрылымын дамытуда жаяу жүргіншілер жолын салумен жалғасты. Яғни  жаяу жүргіншілердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатындағы жаяу жүргінші жолы құрылысы мен көше бойындағы жұмыстар қолға алынған.

Қалада жалпы ұзындығы 259 шақырымды құрайтын 102 көшеде жаяу жүргіншілер жолы бар. Оның 19 көшесінің бойына жаяу жүргіншілер жолының құрылыс жұмыстары жасалуда. Бүгінде бұл жұмыстардың 70 пайызы аяқталған.

Аталған жұмыстар бойынша  Уәлиханов, Әбілқайыр хан, Бөкейхан, Көшербаев, Қойсары батыр, Ынтымақ, Тоқтыбаев, Демесінов, Отырар, Тараз, Әбдірахманов, Жас Алаш, Жетісу, Рысқұлов, Жанкент көшелері және №136, 9 мектеп жанындағы көшелерді, Астана даңғылы мен Ақтөбе-3 тұйығы жаяу жүргіншілер жолымен  қамтылды.

Сонымен қатар қала әкімі Әбілқайыр хан көшесіндегі жылу жүйелеріне жүргізіліп жатқан қайта жаңғырту жұмыстарын көрді. Бұған дейін  Әбілқайыр хан көшесіндегі жылу құбырларының тозығы жеткен еді. Сондықтан жылу жүйесін толығымен жаңалату үшін республикалық бюджеттен 617 млн теңге бөлінген. Сондай-ақ шаһар басшысы тиісті сала маманына жұмыстардың сапалы түрде жүргізілуін ескертті.

Одан бөлек жаңа оқу жылы қарсаңында оқушылар мен қала тұрғындарының мектепке қатынауы үшін қоғамдық көліктің жүруіне қолайлы жағдай жасау керектігін айтты. Ол үшін жолдың бір бағытын 31 тамызға дейін толық аяқтап, жолдың ашылуын тапсырды.

Мұнан соң  қаланың тазалығын сақтау үшін, арнайы акция өткізілді. Оған барлық мекеменің қызметкерлері қатысты. Оның ішінде сенбілікке 169 мекемеден 1810 қызметкер және 15 арнайы қоқыс жинайтын техника жұмылдырылып, 21 көше және белкөл трассасы, аспалы көпір аумағы, әуежай бағыты тазартылды. Нәтижесінде орталық полигонға 500 м3, яғни 150 тонна қоқыс шығарылған. Сондықтан қаланың тазалығын сақтау үшін тұрғындарды сенбілік жұмыстарына атсалысып, өз үйлерінің аулаларына және көше бойларына тазалық шараларын жүргізгені абзал.

Қоршаған ортаның тазалығын сақтау – баршамызға ортақ іс.

Нәзира МҰҚАТАЕВА

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: