Сәрсенбі, 24 сәуiр, 10:11

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№32 (2042)
23.04.2024
PDF мұрағаты

Ізгілікті ісі үшін құрмет көрсетілді

09.01.2023

582 0

Бүгін Достық үйінде қоғамдық келісім мен жалпыұлттық саланы дамыту жолында еселі еңбек еткен жігерлі де жауапты жанның бірі, Қызылорда облыстық ҚХА жанындағы Аналар кеңесінің төрайымы қызметін бүгінгі күнге дейін абыроймен атқарып келген Ахметова Рахима Қаржаубайқызына құрмет көрсетілді.
Қызылорда облыстық қоғамдық даму басқармасының этносаралық қатынастар мәселелері жөніндегі бөлімінің басшысы Әйгерім Алиева, қоғамдық даму басқармасының «Қоғамдық келісім» КММ директоры Бақытжан Камалов, мекеме қызметкерлері, ардагер Асылбек Жұмабаев, қала және аудандық Аналар кеңесінің төрайымдары мен белсенді мүшелері, этномәдени бірлестіктердің жетекшілері мен орынбасарлары, облыстық және қалалық мәслихат депутаттары, іскер әйелдер қауымдастығының өңірдегі өкілдері қатысып, ізгі лебіздерін білдіріп, арнайы құрмет көрсетті.
«Құрметті Рахима Қаржаубайқызы әлемдегі өркениет құндылықтардың барлығы адам еңбегімен жасалады. Бүгінде бар күш жігеріңізбен мол тәжірибеңізді Сыр өңірінің үлесі үшін жұмсап келесіз. Аймақтағы қоғамдық келісім мен этносаралық бірлікті нығайту үшін қосқан елеулі үлесіңіз үшін алғысымды білдіремін, – деп мекеме директоры Б.Жарылқасынұлы ақ тілегін жеткізді.
Өз кезегінде Рахима Ахметова «Біз аға ұрпақтың өкіліміз. Басшылыққа қолдау көрсетіп сүйеніш болу, жастарға ақылшы болып жол сілтеу біздің парызымыз. Бірлік бар жерде – тірлік бар. Бүгінгі көрсетілген құрмет мен үшін үлкен мәртебе», – деп өз ризашылығын білдірді.
Айта кету керек, Рахима Қаржаубайқызы 2003-2014 жылдар аралығында облыс әкімінің кеңесшісі, Қызылорда облысы әкімі жанындағы әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссиясының төрайымы қызметін абыроймен атқарды.
Әйел бейнесін қалыптастыру, отбасы мен некенің құндылығын насихаттауға ерекше көңіл бөліп, ізгі істерге жол ашты. 2014 жылғы маусым мен 2015 жылғы тамыз айы аралығында облыс әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» КММ директоры болды. 2015 жылдың қыркүйек айынан бастап мекеме директорының орынбасары болып қызмет етті.
Өнегелі өмір жолында әйел бейнесін қалыптастыру, отбасы мен некенің құндылығын насихаттауға ерекше көңіл бөліп, ізгі істерге жол ашты. Этносаралық саясатты өңірде іске асыру, мәдени-көпшілік шаралардың жоғары деңгейде өтуіне белсенді атсалысуда. Ортаға сыйлы, сөзі өтімді, көпшілікпен тілтабысқыш, халқының қызметінде жүрген жан. Сонымен бірге тәжірибелі ұйымдастырушы, өмірлік белсенді ұстанымы бар, сөзге шебер, ойлау жасампаздығы жоғары, әрбір қолға алған істің тетігін тауып, нақты нәтижесін көрсете білетін білікті жан.

ҚХА облыстық филиалы

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: