Бейсенбі, 02 мамыр, 15:20

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№34 — 2044
30.04.2024
PDF мұрағаты

Электр жүйесі жаңғыртылуда

25.08.2023

798 0

Жуырда Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Қызылорда облысы бойынша департаментінің ұйымдастыруымен «Қызылорда электр тарату тораптары компаниясы» АҚ-ның жаңғыртылған және қайта қалпына келтірілген нысандарына баспасөз турын өткізді. Оған мәслихат депутаттары мен «Аманат» партиясының өкілдері және қоғамдық бірлестік басшылары қатысты.

Өткізілген шараның басты мақсаты – та­рифтің ашықтығын қамтамасыз ету мен атқа­рылған жұмыстар бойынша тұрғындарға ақ­парат­тандыру. Себебі тұрғындар арасында электр жарығының жиі сөнетіні айтылуда. Осы тұрғыда тұтынушылар тарапынан наразылық туындамас үшін «Қызылорда электр тарату тораптары компаниясы» АҚ мәселенің алдын алып, жоспарға сәйкес тиісті жұмыстарын атқаруда.

Былтыр электр желілерінің инвестициялық есебі бойынша 1080,85 шақырымға әуе электр беру желілері мен 134 дана қосалқы станцияларға күрделі жөндеу жұмыстары жүр­гізілген. Компаниядағы қолданылып жат­қан электр желісінің жалпы ұзындығы 10 121 шақырымды құрайды. Оның ішінде 1867 қосалқы станция бар. Қазіргі таңда тозығы жеткен электр желілері 68% пайыз болып тұр

Баспасөз турына қатысушылар алдымен «Қызылорда электр тарату тораптары ком­паниясы» АҚ мекемесіне барды. Онда электр желілерін жаңғырту және қайта қалпына кел­тіру жұмыстарымен танысты. Компания актив­терінің сенімділігін қолдау арқылы техникалық жүйелерін қайта жарақтандыру мақсатында Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Қызылорда облысы бойынша департаменті мен облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы басқармасының бірлескен бұйрығымен департамент пен  мен­шікті және бюджеттік қаражаты есебінен жалпы сомасы 3213 млн теңгеге 2021-2026 жылдарға арналған инвестициялық бағдарламасы бекі­тілген.

Өткен жылы облыста электр энергиясының есепке алу аспаптары мен желілерін қайта қалпына келтіру барысында атқарылған жұмыс­тарды, қалалық электр тарату тораптары бас­қар­масының директоры Ерболат Кәленов баяндады. 

– Қызылорда қаласында 582 қосалқы станса бар. «Қызылорда электр тарату тораптары ком­паниясы» АҚ инвестициялық бағдарламасы аясында 33,5 шақырым электр желілері жаңар­тылды. №9 орталық тарату пунктінің бірінші секциясында құрылғыларды толық алмастыру жұмыстары жүргізілді. Оған қоса, 762 дана электр есептегіштері ауыстырылып, АСКУЭ бағдарламасына енгізілді. Жаңа бағдарлама интернет арқылы барлық көрсеткіштерді алып отырады, – дейді Ерболат Кәленов.

Инвестициялық бағдарламада көзделген іс-шараларды орындау электр жабдықтарының сенімділігі мен жұмысқа қабілеттілігін жақ­сартуға, электр желілерінің тозуын азайтуға және көрсетілетін қызметтердің сапасын арт­тыруға мүмкіндік береді.

Мұнан соң қатысушылар мекемеге қа­расты №9 орталық тарату пунктіне барды.  Онда құрылғылардың жаңартылған түрінің жартысын көрді. Бұл нысанның жұмыс істеп тұрғанына 20 жылдан астам уақыт өткен. Десе де  былтыр жоспар бойынша қайта қалпына келтірілген. 

– Биыл жыл соңына дейін мұндағы құрыл­ғылар толық жаңартылып, ескі ажы­ратқыштар заманауи вакуумдық ажы­ратқыштармен ауыс­тырылады. Оған 96 млн теңге қаржы бөлініп отыр. Тиісті келісімдер жасалған. Жаңа құрыл­ғылардың жеткізілуін күтудеміз, – дейді «Қызылорда электр тарату тораптары компаниясы» АҚ өн­ді­рістік-техникалық қыз­­мет бөлімінің бастығы Әлішер Қаждар.

Бұл жұмыстар биылдан бастап мемлекет басшысының жолдауындағы «Тарифті инвес­тицияға айырбастау» бағдарламасы аясын­да жүргізілуде. Оның негізгі міндеті табиғи монополиялар субъектілеріне қосым­ша инвестициялар тарту есебінен жөндеу, жұмыстарының көлемін ұлғайту есебінен электр, жылу және сумен жабдықтау сала­сындағы желілердің тозуын кемінде 15-20-ға дейін төмендету болып табылады.

– Мекеменің өз инвестициялық бағдар­ламасы бар. Өткен жылы өз қаражаты есебінен 345 млн теңге бекітілді. Соның нәтижесінде біршама электр желілері, қосалқы стансалар ауыстыруға жатады. Қазіргі таңда мекеменің электр желілерінің тозу деңгейі 68 пайызды құрап отыр, – дейді департамент басшысы Айбек Егембергенов.

Сондай-ақ «Қызылорда электр тарату то­раптары компаниясы»АҚ-да  ұзақ мерзімді тарифтер жоспар бойынша бес жылға бекітіледі. Одан бөлек бағаның көтерілуі инфляцияға байланысты өзгеріп тұратынын жеткізді.

Атқарылған жұмыстар бүгінде «Тарифті инвестицияға айырбастау» бағдарламасы ая­сында жүргізілуде.

«ҚЭТТК» АҚ 2023 жылға арналған ин­вес­тициялық бағдарламаға тозу дәрежесін 68 пайыздан 66 пайызға дейін тө­мендетуді жоспарлап отыр. Ол үшін 1134 млн теңге қа­растырылған. Оның ішін­де компанияның өз қаражаты есебінен  371,5 млн тең­геге ұзындығы 27,04 ша­қырымға электр же­лілерін кайта құру және жаңғырту жұ­мыстарын жүргізу көз­делген. Одан бө­лек №9 ОТП-10 екінші секциясы жаңғыртылып, электр энер­гиясына  жаңа есеп­тегіш құ­рылғысы мен АСКУЭ-ге электр қосу және бірлік автотехника сатып алынады.

Қосалқы станцияларды ауыстыруға об­лыстық бюджеттен қаражат бөлінген. Оған 10/0,4 кВ косалқы станцияларын 35 дана ҚТПБ үлгісіндегі қосалқы станцияларға ауыстыруға, ұзындығы 21,15 шақырымды құрайтын 10 кВ кабель желі­лерін және ұзындығы 10,5 шақырым 0,4 кВ кабель желілерін ауыстыру жоспарлануда.

        

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: