Сенбі, 27 сәуiр, 07:51

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№32 (2042)
23.04.2024
PDF мұрағаты

Кәсіпкерді де мазалаған проблема аз емес

29.10.2022

879 0

Кәсіпкерлікті қолдап, шағын және орта бизнесті дамыту – әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті елдердің қатарына енуге бет алған еліміз үшін өзекті мәселенің бірі. Өркениетті елдердің барлығы да өздерінің әлеуметтік-экономикалық  мәселелерін шешуде шағын және орта кәсіпкерлік нысандарына арқа сүйейді. Сондықтан да кәсіпкерлердің кәсібін дамыту мен кедергілерді жою, олардың мәселелерін шешу бүгінде маңызды рөл атқарады.

Осы бағытта қала әкімі Асылбек Шәменовтің бастамасымен әр ай сайын «Бизнеске арналған үкімет» ғимаратының ашық алаңында кәсіпкерлерді салалық мәселелері бойынша қабылдау ұйымдастырылуда. Сондай-ақ өтінішін айтып келген әрбір тұрғынның мәселесін жіті қадағалау тапсырылады. Себебі әрбір кездесудің нәтижесі болу керек.

Аптаның бейсенбісінде қала әкімі кәсіпкерлерді қабылдады. Кездесуге келген кәсіпкерлер несие алу, кәсіп жүргізуге қажетті жер телімін рәсімдеудегі кедергілерді жою жайын талқылады.

– Мен бұрыннан қолөнермен айналысамын. Сол арқылы шағын кәсібімді дөңгелетудемін. Алайда пандемия кезінде жұмысымыз жабылып қалды. Дегенмен келер жылдан бастап үйімді кепілдікке қойып, жеңілдетілген несие алуды жоспарлап отырмын. Осыған орай мүгедектігіме байланысты көмек және көмекші адамдар керек екенін айттым. Қала әкімі менің өтініш-тілегімді тыңдап, жауапты мамандарға тапсырды. Жұмыс істейтін жандардың кәсібін қолдауға мүмкіндік табатынын айтты, – дейді кәсібін дамытуды қолға алған Несібелі Мүсілімова.

Ал қала тұрғыны Асия Сарықұлова мүгедектер қоғамында жұмыс істейді. Ол болашақта «Бақыт» клиникасын салуға қала әкімінен көмек сұрауға келіпті. Алдағы уақытта мүгедектігі бар кісілердің қолөнермен, басқа да түрлі істермен айналысуы үшін шағын қалашық салғысы келетінін жеткізді.

Кәсіпкерлердің талап-тілегін тыңдаған шаһар басшысы қаланың дамуына жол ашатын тың, жаңа жобаларды жүзеге асыруға қолдау көрсетілетінін айтты.

Жалпы қала көлемінде шағын кәсіпкерлікті дамыту, мемлекеттік бағдарламалар мен негіздерін түсіндіру жұмыстарына ерекше көңіл бөлінген. Соның нәтижесінде облыс орталығында аталған сала бойынша өсу көрсеткіштері қалыптасып келеді.

Кездесу соңында қала әкімі кәсіпкерлермен жиі кездесіп, берілген тапсырмалар нәтижесін талқыға салатынын жеткізді.

Айтолқын БАТЫРБАЙҚЫЗЫ

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: