Жексенбі, 06 қазан, 03:46

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№79-2089
05.10.2024
PDF мұрағаты

Карантин талаптарын бұзған жиын тоқтатылды

19.04.2021

2632 0

Қала әкімдігі жанынан құрылған мониторингтік топ карантин талаптарының сақталуын қадағалау мақсатында күнделікті іс-шаралар жүргізуде. Нәтижесінде, 17-18 сәуір күндері мониторингтік топпен 7 анықтама толтырылып, санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасына жолданды.

18 сәуір күні қала әкімінің орынбасары Нуридинов Бектас Балғабайұлының жетекшілігімен  мониторинг топ карантин режимін өрескел бұзып, 200-ге жуық адамды жинап жиын өткізген желілік маркетингтің іс-шарасын тоқтатты. Заңды шешім қабылдау мақсатында толтырылған анықтама тиісті орынға (СЭББ) жолданды. 

Сондай-ақ, аралау барысында адам көп шоғырланатын орындарда карантин талаптарын сақтау бойынша бірнеше мәрте түсіндірме жұмыстарының жүргізілгеніне қарамастан бұзушылыққа жол берген «Асбол», «Талғат», «Сыбаға» сауда орындарының басшыларына анықтама толтырылып, СЭББ-ға жолданды.

Мониторинг топ жетекшісі Бектас Балғабайұлы карантин режимі кезінде бекітілген талаптарды орындамай, тұрғындардың денсаулығына қауіп төндірген азаматтар тиісті жауапкершілікке тартылатынын ескертті.

Сондықтан бас санитар дәрігердің қаулысының талаптарын қатаң сақтау, бетперде кию және арақашықтықты сақтауды естен шығармау қажет.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: