Сейсенбі, 16 сәуiр, 21:36

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№30 (2040)
16.04.2024
PDF мұрағаты

Кеңес отырысына Шиелі ауданының жобалары талқыланды

03.06.2022

1257 0

Облыс әкімінің жанындағы Кеңестің отырысына Шиелі ауданының жобалары ұсынылды. Облыс әкімінің орынбасары Мархабат Жайымбетов және кеңес мүшелері аудан әкімі Нариман Мақұлбековтің баяндамасын тыңдап, жобаларды талқыға салды.

Шиелі ауданы бойынша 65 жоба ұсынылды. Оның 38-і құрылыс монтаж жұмыстарына, жоба сметалық құжаттарға 27 жоба. Оларды іске асыруға 15,9 млрд. теңге қажеттігі айтылды. Республикалық бюджеттен 14,4 млрд. теңге, облыстық бюджеттен 1,1 млрд. теңге, жергілікті бюджеттен 431 млн. теңгені құрап отыр.

«Алайда, облыс бойынша 205 жобаны іске асыруға 132 млрд. теңге қажет. Сондықтан, алғашқы кезекте елді мекендерді газдандыру, инфрақұрылым жұмыстарын реттеу керек. Ал, Қарғалы елді мекені тұсынан Сырдария өзенінің үстінен өтетін автомобиль көпірінің құрылыс жобасын қосымша зерттеуге жолдаймыз», – деді Мархабат Жайымбетұлы.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: