Жұма, 19 сәуiр, 16:06

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№30 (2040)
16.04.2024
PDF мұрағаты

Көктемгі әскерге шақыру науқаны басталды

16.03.2023

961 0

Қала әкімінің орынбасары Жанмұрат Сейіловтың төрағалығымен өткен мәжілісте мерзімді әскери қызметке шақыру жұмыстарының жүргізілу барысы қаралды. Күн тәртібіндегі мәселе бойынша қалалық қорғаныс істері жөніндегі басқармасының бастығы Алмас Чункунов баяндады. Өткен жылы қаладан күзгі шақырылымда 164 азамат әскер қатарына алынып, бұл қажетті мөлшердің 95,6 пайызын құраған.

Қала әкімінің орынбасары биылғы әскери қызметке шақыру жұмыстарына берілген тапсырысты 100 пайызға орындау қажет екенін айтып, кент және ауылдық округ әкімдерімен бірлескен түрде жұмысты күшейтуді тапсырды. Сондай-ақ, қала аумағында әскери қызметтен жалтарып жүрген азаматтарды іздестіруге аймақтары бойынша бекітілген барлық учаскелік полиция инспекторларын жұмылдырып, заңға сәйкес шаралар қабылдауды және шақыру қағаздарын алған әскерге шақырылушының шақыру пунктіне келмеуі секілді фактілерді жоюды жүктеді.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: