Жұма, 17 мамыр, 11:39

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№38-2048
14.05.2024
PDF мұрағаты

Көпқабатты тұрғын үй қала сәніне айналмақ

01.04.2023

729 0

Облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаевтың тапсырмасымен қаладағы тұрғын үйлердің сырты заманауи панельдермен қапталмақ. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің ұйымдастыруымен өткен көшпелі брифингте қалалық құрылыс бөлімінің басшысы Айдын Әнуар мәлімдеді.

Бұған дейін қаладағы тұрғын үйлер қайта жаңғыртудан өткізіліп, сырты бояумен сырланатын. Енді олар заманауи үлгідегі жабындылармен қапталмақ.

Қалалық құрылыс бөлімінің басшысы Айдын Әнуардың айтуынша, қала орталығындағы 18 көп­қабатты тұрғын үйдің сырты арнайы фасадтармен қапталады. Бұдан соң Абай даңғылы, Ғани Мұратбаев көшесі бойындағы көпқабатты тұрғын үйлерге де аталған жөндеу жұмыстары жүргізіледі.

Бүгінгі күні қала орталығындағы көпқабатты 4 үйге заманауи үлгіде жабдықтау жұмыстары жүргізілуде. Мамыр айына дейін 25 тұрғын үйдің қасбетін қаптап, тұрғындар игілігіне беру жоспарланған.

Айта кетер жайт, көпқабатты тұрғын үйлердің қасбетін заманауи панельдермен қаптау демеушілер есебінен жүргізілуде.

А.СЕЙІЛ

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: