Жексенбі, 28 сәуiр, 21:53

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№33 – 2043
27.04.2024
PDF мұрағаты

Көптеген өңірде күн қатты ысып, жаңбыр жауады

31.07.2023

327 0

Атмосфералық фронтальды бөліктердің өтуіне байланысты еліміздің басым бөлігінде ауа райы тұрақсыз болады, найзағай ойнап, жаңбыр жауады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

            «Қазгидромет» РМК мәліметінше, тек республиканың батысында, оңтүстігінде, солтүстік-шығысында жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Жел күшейеді, оңтүстікте шаңды дауыл соғады. Солтүстікте түнде және таңертең тұман түсуі мүмкін.

            Алматы, Жамбыл, Түркістан, Қызылорда, Ақтөбе, Жетісу, Ұлытау облыстарында, Қостанай, Қарағанды, Шығыс Қазақстан, Маңғыстау облыстарының оңтүстігінде, Абай облысында күндіз 35-42 градусқа дейін қатты ыстық болады деп болжанып отыр.

            Ақтөбе облысының оңтүстігінде күндіз 40°С қатты ыстық сақталады.

            Солтүстік Қазақстан облысында, батыста, солтүстік-батыста, Батыс Қазақстан облысының орталығында өрт қаупі жоғары.

            Маңғыстау, Түркістан, Алматы, Жамбыл, Шығыс Қазақстан, Қарағанды, Ақтөбе, Қызылорда облыстарында, Ұлытау, Жетісу, Абай облыстарында, Қостанайдың оңтүстігінде, Атыраудың батысында, Павлодар облысының оңтүстігінде, шығысында, Ақмола облысының оңтүстігінде, батысында төтенше өрт қаупі бар.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: