Сенбі, 27 сәуiр, 07:13

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№32 (2042)
23.04.2024
PDF мұрағаты

Көркейе бер, Қызылорда!

03.06.2023

1048 0

Сырдың бас шаһарында жаз бойы құрылыс қыза түспек. Бүгінде қаланың әр бұрышында қар­балас тіршілік. Сол жағалауда күн сайын биіктей түскен жаңа нысандар менмұндалайды. Қала орталығындағы ескі үйлер жаңарған кейіпке еніп, қала көркін аша түссе, Бейбарыс Сұлтан көшесінде Өнер орталығының құрылысы, көшені жаңғырту жұмыстары, Ғ.Мұратбаев және Яссауи көшелерінің қиылысында теміржол арқылы өтетін жаяу жүр­гін­шілер көпірі және тағы басқа санай бастасақ таусылмайтын жаңа жобалар аз емес.

Құрылыстың саны емес,

сапасы маңызды

Облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев Қызылорда қала­сын­дағы құрылыс нысандарын аралап, көркейту және абат­тандыру жұмыстарымен танысты.

Алдымен аймақ басшысы «Қорқыт ата» әуежайының жаңа жолаушылар терминалы құрылысы барысын көрді. Жоба демеушісі – «Болат Өтемұратов» жеке қоры нысанды келесі жылдың мамыр айында аяқтауды жоспарлауда. Құрылыстың жалпы құны 15 млрд теңгені құрайды, тапсырыс беруші және мердігер мекеме  – «Accent Development Solutions» ЖШС.

Әрі қарай облыс әкімі Сұлтан Бейбарыс көшесін жөндеу жұмыстарымен танысты. Облыс орталығын көркейту үшін тұрғындардың сұранысы бойынша Сұлтан Бейбарыс көшесінің 1 шақырым бөлігі қайта жаңғыртылып, абат­тандырылуда. Мердігер мекеме көшені 6 жолақты етіп кеңей­тіп, субұрқақтарды орнатады. Құрылыс жұмыстары жылдың аяғына дейін жүзеге асырылмақ.

Мұнан әрі Нұрлыбек Машбек­ұлы «Неке сарайының» құрылыс алаңына барды. Жалпы құны 1,6 млрд теңгені құрайтын ауқымды жоба 2022 жылдың қыркүйек айында басталған. Биыл тамыз айында пайдалануға берілмек.

Аймақ басшысы «Сырдария» шағын ау­данындағы №1,2 үй­лер­дің қасбеттерін зама­науи панель­мен қаптау жұмыстарын көрді. Еске салсақ, биыл облыс әкімінің баста­масымен аймақтың ірі кәсіпкерлері бірқатар көпқабатты тұрғын үйдің қасбеттерін абат­тан­дыруға қаражат бөлді. Нәти­жесінде қаланың орталық көше­лері ажарланып, көркейе түспек.

Нұрлыбек Нәлібаев бірін­ші кезекте атқарылатын жұмыс­тардың сапасына назар аударуды тапсырды.

– Ең бірінші кезекте жұмыс сапасына мән беру керек. Мейлі, ол ғимарат құрылысы, жол құры­лысы болсын, су немесе газ жүр­­гізсін, ең бастысы – сапа. Сон­дықтан жұмыс барысын күн­де­лікті бақылау керек. Жобаны мақұлдау сатысынан бастап то­лық аяқталғанға дейін  жіті қада­ға­лаңыздар, – деді аймақ бас­шысы.

Мұндай жұмыстар Абай даң­ғылы,  Н.Назарбаев даңғылы мен Ғ.Мұратбаев көшесінің бойын­дағы көпқабатты үйлерде де қолға алынуда. Тұрғын үйлердің аулаларында жөндеу жұмыстары жүргізіліп, балалар ойын алаң­дары салынады.

Ал Ғ.Мұратбаев және Яссауи көшелерінің қиылысында темір­жол арқылы өтетін жаяу жүр­гін­шілер көпірі салынады. Кө­пір­дің ұзындығы 55 – метр. Нұрлыбек Машбекұлы әзірленген жобаның сапасына жоғары баға беріп, осы тұстағы көпір мәселесі өзекті екенін атап өтті. Бюджетті жоспарлау барысында алдымен халықтың көкейіндегі түйткілді мәселелерге басымдық берілетінін қаперге салды. Аталған жоба бюджет қаражатын және уақыт үнемдеу мақсатында демеушілердің қаржысы есебінен жасалды. Нұрлыбек Машбекұлы жобаны әзірлеген компания өкілдеріне алғысын айтты.

Облыс әкімі сол жағалаудағы құрылыс нысандарын да аралады. Мұнда өткен жылы тамыз айында облыстық қан орталығының құ­ры­лысы басталған болатын. Келер жылы наурыз айында 100 келу­шіге арналған емхана­сымен бірге 300 төсектік көпбейінді ауру­хана ашылады.

Яссауи көшесі жаңарады

Қала сәулетіне ерекше сән беретін тағы бір жоба – Яссауи көшесінің жаңа кейіпке енуі. Көше төрт жолаққа кейейтіліп, тұрғындар үшін аллея салынбақ. Жаңа жобамен аймақ басшысы танысты. Көшені жаңғырту жоба­сын жүзеге асыруға білек сыбана кіріскен облыс әкімі­нің орынбасары Балмейір Сансыз­байұлы бұл туралы «Facebook»  әлеуметтік желідегі парақшасына былай деп жазды:

«Жуық арада қаламыздағы басты көше­лердің бірі Қожа Ахмет Яссауидің бір бөлі­гінде қайта жаңғырту жұмыстары жүр­гізілетін болады. Қызыл­ордаға қызметке келгелі ойға алып жүрген істің бірі – бюджетке сал­мақ салмай және қысқа мерзімде аталмыш көше­нің жобасын жасау болатын. Жобалау сметалық құжаттамасы демеушілік қаражат есебінен тегін жасалды.

Бүгін облыс әкімі Нұрлыбек Машбекұлына жобаны таныс­тырдық. Негізгі мақсат – тұрғын­дарымыздың ыңғайлы өмір салтын дамытуды қолға алып, соған сай дүниелер салу.

Олардың қатарында жарық­шамдар, балалар ойын алаңшасы, бастырмалар, субұрқақтар, спорт алаңы, жүгіру жолы, жаяу жүргіншілер көпірі, жаяу жүргін­шілер жолы мен веложол бар. Жалпы айтқанда, көшенің екі жиегінде желілік саябақ пайда болады. Сонымен қатар қаланың Бас жоспарына сәйкес екі жо­лақты жолды төрт жолақты ету жұмысы жүргізіледі. Бұйырса, құрылыс жұмыстары басталса, келер жылға өтпелі болуы ықтимал. Жоба аяқталып, халық игілігіне берілсе, қаламыздың көркін келтіріп қана қоймай, тұрғындарға да пайдалы болады деп сенеміз».

Бір сөзбен айтқанда, жолы кең, тұрғындар үшін саялы жолы бар Яссауи көшесінің жаңғыртылуы қала үшін де, қалалықтар үшін да маңызды.

«Өнер орталығының»

тосын сыйы бар

Құрылысы қыза түскен «Өнер орталы­ғының» жұмыс барысын көруге облыс әкімі­нің орынбасары орынбасары Нұрым­бет Сақтағанов, облыс әкімінің аппарат басшысы Шахмардан Байманов, қала әкімі Асылбек Шәменов пен облыстық құрылыс, сәулет және қала құрылысы бас­қармасының басшысы Ерлан Төралиев құрылыс алаңына арнайы барды.

1000 келушіге арналған көп­функционалды  орталықтың ірге­тасы былтыр тамыз айында қалан­ған. Нысан жыл соңында пайдалануға берілмек. Құны 3,7 млрд теңгені құрайтын екі қабатты ғимаратта симфониялық, эстрадалық және ұлттық өнер бағытындағы концерттік бағдар­ламалар, түрлі форматтағы қоғам­дық іс-шаралар өткізуге ыңғайлы. Нысан құрылысын өңірге белгілі тәжірибелі құрылыс компаниясы «СМП Қызылорда» ЖШС меке­месі жүргізуде. Бүгінде құрылыс басында 100-ден аса құрылысшы жұмыс істеуде. Жыл аяғына қарай  есігін айқара ашатын «Өнер орталығының» тосын сыйы да бар. Яғни Сыр өңірінде симфониялық оркестр құру жоспарлануда. Жаңа шығармашылық ұжым­ның алғашқы концерті осы жаңа орталықта көрерменге ұсы­нылмақ.

Гүлмира

МАҒЛҰМҚЫЗЫ

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: