Жексенбі, 08 желтоқсан, 15:18

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№97-2107
07.12.2024
PDF мұрағаты

Коммуналдық қызметтердің мәселесі талқыланды

20.04.2023

839 0

Бүгін қала әкімінің орынбасары Ғалымжан Еркебайдың төрағалығымен өткен жиында коммуналдық қызметтердің мәселелері талқыланды.

Күн тәртібіндегі бірінші мәселе бойынша «Қызылорда тазалығы» мекемесі басшысының міндетін атқарушы Бауыржан Әбдіғаппарұлы «Қызылорда қаласының санитарлық-тазалық мәселелері» туралы баяндады.

Қазіргі таңда, кәсіпорын қызметкерлерімен қала көшелерінде санитарлық тазалықты сақтау бағытында жүйелі түрде жұмыстар ұйымдастырылып келеді. Кәсіпорынның мобильдік топтарымен тәуліктің кез-келген уақыттарында белгіленбеген орындар мен кестеден тыс уақытта қоқыс тастаған тұрғындарды анықтауда.

Қала әкімінің орынбасары қала тазалығын қамтамасыз ету мақсатында құрылған мобильдік топпен анықталған әкімшілік құқық бұзушылықтарға полиция қызметкерлері тарапынан тиісті айыппұл салу жұмыстарын күшейтуді тапсырды.

Күн тәртібіндегі келесі мәселе бойынша «Қала көлеміндегі ассенизатор автокөліктермен рұқсат етілмеген жерлерге кәріз суларын төгу жағдайлары» туралы «Қызылорда су жүйесі» мекемесінің заң бөлімінің басшысы Фараби Ұзақов баяндап өтті.

Баяндамасында биылғы жылы рұқсат етілмеген жерлерге лас суларды төгу фактілерін анықтау мақсатында жүргізілген рейд барысында жеке ассенизатор автокөліктерімен заңсыз кәріз суларын төгудің 96 фактісі тіркеліп, кәсіпорынға жалпы 7,6 млн. теңгеге шығын келтірілгенін атап өтті.

– Орын алып отырған заң бұзушылықтарды ескерсек, жоғарыда аталған әр саладағы жұмыстарды ширату керектігін көрсетеді. Тазалық тәртібін бұзып, кәріз суларын бей-берекет төгетін автокөліктердің жолын кесуге басымдық беру қажет, – деді Ғалымжан Бақтығалиұлы.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: