Жұма, 17 мамыр, 16:35

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№38-2048
14.05.2024
PDF мұрағаты

«Корё ильбо» газетінің 100 жылдығына арналған ескерткіш тақта ашылды

22.08.2023

798 0

Қызылордада республикалық «Корё ильбо» газетінің 100 жылдығына арналған мемориалдық тақтаның салтанатты ашылу рәсімі өтті. Шараға облыс әкімінің орынбасары Нұрымбет Сақтағанов, Алматы қаласындағы «Корё ильбо» газеті редакциясының өкілдері, «Қазақстандағы кәрістер қауымдастығы» Қызылорда облыстық қоғамдық бірлестігінің ардагерлері мен белсенділері қатысты.

Салтанатты рәсімде облыс әкімінің орынбасары Нұрымбет Сақтағанов, «Корё ильбо» газетінің редакторы Константин Ким, облыстық Қазақстан халқы ассамблеясының құрметті азаматы, облыстық кәріс этномәдени бірлестігінің ардагері Юрий Ким, Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университетінің халықаралық қатынастар бөлімінің маманы Тимур Кеншінбай сөз сөйледі. Қызылордадағы газет редакциясының жұмысы туралы естеліктерімен ұрпақтары бөлісті.

Бұдан әрі 1964-1978 жылдар аралығында корей газетінің редакциясы орналасқан Н. Назарбаев даңғылындағы ғимаратта мемориалдық тақтаның салтанатты ашылуы өтті.

«Корё ильбо» (корей тілінен аударғанда – «Корей күнделігі») – корей, орыс және қазақ тілдеріндегі республикалық газет. Газетте Қазақстан көпэтносты халқының үйлесімді бөлігі ретінде корейлер өмірінің қоғамдық-саяси, экономикалық, әлеуметтік, мәдени аспектілері жарияланады. Газет Қиыр Шығыста 1923 жылы «Сенбон» («Авангард») деген атпен құрылды. 1937 жылы Қиыр Шығыстан корейлер депортацияланғаннан кейін газет Қызылордаға көшіріліп, 1938 жылдың 15 мамырынан бастап «Ленин кичи» («Ленин туы») деген атпен басыла бастады. Бастапқыда газет облыстық, ал 1954 жылдан бастап республикалық болды. 1978 жылдан бастап Алматы қаласында басылып, 1991 жылы қазіргі атауын алды. «Корё ильбо» газеті Корей түбегінен тыс ең көне корей баспасы болып табылады.

«Қоғамдық келісім» КММ баспасөз қызметі

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: