Сенбі, 04 мамыр, 11:40

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№35 — 2045
04.05.2024
PDF мұрағаты

Күріш орағы қарқынды жүруде

25.09.2023

500 0

Аймақта егін жинау жұмыстары белгіленген кестеге сәйкес атқарылуда. Ерте егілген дақылдарды жинау толық аяқталды. Атап айтсақ, 4,3 мың гектар күздік бидайдан 7 мың тонна, 4,4 мың гектар жаздық бидайдан 3,2 мың тонна, 365 гектар арпадан 209 тонна өнім алынды.

Майлы дақылдар бойынша, егілген 4,2 мың гектар мақсары, 64 гектар соя толық жиналды. Оған қоса 179 гектар күнбағысты жинау жалғасуда. Дәнді жүгері мен сүрлем жүгерінің өнімі көңіл қуантарлық. Бүгінде картоптың 2,6 мың гектары (62,2%), көкөністің 6 мың гектары (92,4%), бақшаның 8,4 мың гектары қазылды. Ал малазықтық дақылдарды жинау жұмыстары жалғасуда. Әзірге 277,5 мың тонна жоңышқа тасымалданды. Қазіргі үшінші орымның 14,3 мың гектары орылды. Мал азығы ретінде егілген 201 гектар асқабақтан мол өнім алынды. Күріш егісінің суы байланып, негізгі дақылдың 44,1 мың гектары (49,5%-ы) орылды. Оның 34,3 мың гектары (77,9%-ы) бастырылып, 174,2 мың тонна өнім қамбаға құйылды. Орта өнім гектарына 50,8 центнерден келуде. Шаруашылықтар есебіндегі 4239 техника түгелімен науқандық жұмысқа қатысуда. Қолда бар техникалар күрішті белгіленген мерзімде жинап алуға толық жеткілікті. Күзгі егін жинау жұмыстарына 9,1 мың тонна және жем-шөп қорын жасақтауға қосымша 1,5 мың тонна арзандатылған дизель отыны бөлінді. Жанар-жағар маймен қамтамасыз ету кестеге сәйкес жүргізілуде. Егін жинау жұмыстарын 10 қазанға дейін аяқтау жоспарланған.

Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: