Сенбі, 07 желтоқсан, 22:27

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№97-2107
07.12.2024
PDF мұрағаты

Мемлекеттік рәміздер ұлықталған күн

07.06.2022

1617 0

Биыл мемлекеттік рәміздердің қабылдан­ғанына 30 жыл. Осыған орай мемлекеттік нышандарды ұлықтауға арналған бірқатар патриоттық шаралар өткізілді.

Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздерінің 30 жылдығына арналған салтанатты шара «Рәміздер» алаңында жоғары деңгейде аталып өтті. Оған облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев қатысып, құттықтау сөз сөйледі.

– Баршаңыз білесіздер, бүгін – ел тарихындағы ең елеулі мереке. 1992 жылдың 4 маусымында еліміздің мемлекеттік рәміздері қабылданды. Бұл тарихи оқиға қазақ еліне үлкен серпіліс берді. Жүрегі ел деп соққан әрбір азамат рәміздерді құрметтеп, оларды бойтұмардай қастерлей білуі тиіс. Бұл күндері мемлекетіміз алпауыт елдермен иық тіресіп, дамудың даңғыл жолына түсті. Көк туы желбіреген Қазақстанды төрткүл дүние таныды. Тәуелсіздігіміздің айбары саналатын мемлекеттік нышандардың мәртебесі асқақтай берсін! Жаңа Қазақстанды құрудағы қадамда­рымыз нәтижелі болып, еліміздің ынтымағы мен бірлігі арта берсін, – деді облыс әкімі.

Мерекелік жиында халықаралық, республикалық өнер, спорт сайыстарында жеңімпаз атанып, көк туымызды көтеріп, ел мерейін асырып жүрген үш дүркін «Алтын домбыра» иегері, айтыс ақтаңгері Мұхтар Ниязов, төрт дүркін әлем чемпионы Илья Ильин, Назарбаев зияткерлік мектебінің түлегі Жангерей Зинелов жылы лебіздерін білдірді.

Бұл күні ел бойынша бір уақытта әнұранымыз шырқа­лып, оған өзін патриотпын деп санайтын әрбір азамат үлес қосты.

Мемлекеттік нышандарымыз ұлықталған шарада патриоттық әндер айтылып, «Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымына қабылдау салтанаты өтті.

Салтанатты жиын мемлекеттік ту ұстанған авто, мото, велошеруге ұласты.

Т.ШАЙДУЛЛАҰЛЫ

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: