Бейсенбі, 02 мамыр, 07:46

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№34 — 2044
30.04.2024
PDF мұрағаты

«Мерейлі отбасы-2022» жеңімпаздары марапатталды

15.07.2022

779 0

Қала әкімі Асылбек Шаменов «Мерейлі отбасы» Ұлттық конкурсының қалалық кезеңінде жеңімпаз атанған отбасыларды марапаттап, бағалы сыйлықтар табыс етті.

Ұлттық құндылықтар мен шаңырақтың береке-бірлігін насихаттайтын шарада қала әкімі Асылбек Өмірбекұлы «Біз – ата-анасын ардақтап, қариясын құрметтей білетін, отбасын Отанның тірегіне санайтын елдің ұрпағымыз. Бүгінгі «Мерейлі отбасы» Ұлттық байқауының қалалық кезеңінде белсенділік танытып, қатысқан әр отбасыға шынайы алғысымды айтамын. Баршаңызды бүгінгі мерейлі мерекемен тағы да құттықтай отырып, әр шаңыраққа шаттық, бақ-береке тілеймін!», – деп жылы лебізін білдірді.

Биыл ұлттық конкурсқа 15 отбасы үміткер ретінде құжат тапсырып, олардың ішінен арнайы құрылған комиссияның шешімімен 5 отбасы іріктеліп алынды.

Нәтижесінде 3 отбасы жүлделі орынды иемденіп, 2 отбасы арнайы номинация иегерлері атанды.
Тамыры тереңге таралған, қанаты кеңінен жайылған әулет Тасбөгет кентінің тұрғындары Ермановтар отбасы І дәрежелі дипломмен марапатталды.

ІІ дәрежелі диплом Қызылорда қаласының тұрғындары Таңрақбаевтар отбасына табысталса,
ІІІ дәрежелі дипломды Қызылорда қаласының тұрғындары Жақыповтар отбасы иеленді.
«Еңбекқор отбасы» номинациясымен Тасбөгет кентінің тұрғындары Бөлегеновтер отбасы, ал «Өнегелі әулет» номинациясымен Айнакөл ауылының тұрғындары Смағұловтар отбасы марапатталды.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: