Жексенбі, 05 мамыр, 11:09

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№35 — 2045
04.05.2024
PDF мұрағаты

Мүмкіндігі шектеулі жандардың арасында спартакиада өтті

16.10.2023

1936 0

Жуырда Қызылорда облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының мемлекеттік әлеуметтік тапсырысы бойынша, «Мүгедектігі бар адамдар күніне» орай облыстық спартакиа ұйымдастырылды. Шара Талсуат елді мекеніндегі «Мүгедектерге арналған оңалту орталығында» өтті.

Мерекелік шарада Қызылорда облыстық мүгедектер қоғамының төрағасы Сағатбек Сиюов сөз сөйледі.

– Спартакиада  барысында  спартакиада­ға қатысушылардың денсаулығында ақау болғанына қарамастан, спорттық сынақтар мен дерттерін жеңіп, олар үшін мүмкін емес ештеңе жоқ екенін дәлелдеп, нағыз күрескер екенін көрсетті, – деді ол.

Іс-шараның басты мақсаты – мүмкіндігі шектеулі адамдарға әлеуметтік көмек көрсетуден бөлек, оларды түрлі шараларға қатыстыру. Мәселен, қоғамдық ортаға бейімдеу, белсенділіктерін арттыру, спорттық пен мәдени және қоғамдық іс-шараларға қатыстыру. Жалпы мемлекеттік саясаттың басты бағыты мен міндетінің бірі мүмкіндігі шек­теулі адамдарды әлеуметтік қолдау және олардың өмір сүру сапасын арттыру  болып табылады.

Аталған шараға 70-тен аса мүмкіндігі шектеулі жан қатысты.  Олар спорттың дартс пен допты нысанаға салу және шеңберді нысанаға салудан сайысқа түсті.

Жеңімпаздарға арнайы диплом мен бағалы сыйлықтар табысталды.

Н.Алтын

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: