Жексенбі, 08 желтоқсан, 00:58

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№97-2107
07.12.2024
PDF мұрағаты

Нұрлыбек Нәлібаев тұрғындарды жеке сұрақтары бойынша қабылдады

26.05.2022

965 0

Облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев кезектілікке сәйкес 10 тұрғынды жеке сұрақтары бойынша қабылдап, көкейде жүрген мәселелерін тыңдады.

Қабылдауға келген азаматтардың басым бөлігі әлеуметтік көмек сұрап, денсаулық сақтау саласына, тұрғын үй мәселесіне қатысты сауалдар көтерді.

Облыс әкімі тұрғын үй беру заң аясында кезек тәртібімен берілетінін баса айтып, уақытша баспанамен қамту жұмыстары жүргізілетінін жеткізді. Сондай-ақ, әлеуметтік мәселелерге қатысты жауапты сала басшыларына тапсырма жүктеді.

Айта кетейік, тұрғындар облыс әкімінің қабылдауына egov порталы арқылы, е-otinish бірыңғай базасы немесе әкімдікке келіп жазбаша арыз тастау арқылы жазыла алады.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: