Жексенбі, 16 маусым, 10:30

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№47-2057
15.06.2024
PDF мұрағаты

Облыс әкімі әуежай терминалы аумағының абаттандыру жұмыстарымен танысты

22.05.2024

621 0

Бүгін облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев «Қорқыт Ата» әуежайы жаңа терминалы аумағын абаттандыру барысымен танысты.

«УАД» ЖШС басшысы Мұрат Үдербаев құрылыс алаңындағы жұмыстарды баяндады.

Нысан таяуда ел игілігіне табысталмақ. Жобаға бағытталған 20 млрд теңгенің 15 млрд 700 млн теңгесі Болат Өтемұратов қорынан бөлінген. Жергілікті бюджеттің 4 млрд 300 млн теңге қаржысы инфрақұрылымды дамытуға, абаттандыруға, яғни жылу, су, электр, телефон және кәріз, желілерін, автожол жүргізуге жұмсалды.

Қазір әуежай және оған іргелес аумақ абаттандырылуда. Осы аумаққа 615 шаршы метр гранит жабыны, 16,2 шаршы метр асфальт, 4038 шаршы метр кеспетас және 3630 шаршы метр қиыршық тас төселуде. «Қызылорда қаласындағы әуежайдың іргелес аумағын абаттандыру құрылысы» жобасына 634 050 млн теңге бөлініп, 4 жолақты, ұзындығы 480 метр, әр жолақтың ені 3,5 метр болатын жол салынуда.

Аймақ басшысы жұмыс сапасына баса мән беріп, мерзімінде аяқталуын қадағалауды ескертті.

Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: