Жұма, 19 сәуiр, 02:32

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№30 (2040)
16.04.2024
PDF мұрағаты

Өнер сарайы 1000 көрерменге қызмет етеді

09.10.2022

606 0

Жоспарға сай 2023 жылдың соңына қарай Сыр елінде 1000 келушіге арналған жаңа өнер сарайы ел игілігіне беріледі. Тамыз айында облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев ел ағаларымен бірге іргетасын қалаған жаңа орталық көпфункционалды кешен ретінде ашылмақ.

Аумағы 2 гектар жерді, құны 3,7 млрд.теңгені құрайтын өнер сарайының залы, сахнасы, интерьері заманауи стильде жасалмақ.
Қазіргі кезде құрылыс алаңында 30-ға жуық маман құрылыс жұмыстарын жүргізуде.

Өнер сарайында симфониялық, эстрадалық және ұлттық өнер бағытындағы концерттік бағдарламалар мен түрлі форматтағы қоғамдық іс-шаралар өткізіледі.
Айта кетейік, аймақта бұған дейін Неке сарайы, қан орталығының іргетасы қаланды.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: