Бейсенбі, 25 сәуiр, 08:31

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№32 (2042)
23.04.2024
PDF мұрағаты

«Өрт қауіпсіздігі айлығы»: 43 668 тұрғын үй секторы араланды

17.04.2021

3072 0

Тілсіз жаудың алдын алуда төтенше жағдайлар депаратаменті мамандарының қатысуымен түрлі шаралар атқарылуда. Жыл басынан бері аймақта 43 668 тұрғын үй секторы араланды. Тиісінше тұрғындарға тұрмыстағы өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтау , электр және газ баллон жабдықтарын, газ пешін орнату, қолдану туралы түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында өткен брифингте облыстық ТЖД бастығының орынбасары Бауыржан Ізбасаров мәлімдеді.

– Біз 20 ақпаннан бастап дүйсенбі, жұма, сенбі күндері жылу беру маусымы кезеңіндегі өрттің пайда болуын, адамдардың қаза болуын және жарақат алу қаупін азайту мақсатында халық арасында тұрмыстағы электр және жылыту қондырғыларын, жылыту пештерін қолдану, мұржаларын тазарту жөнінде түсіндірме жұмыстарын жүргіздік. Бұған біздің департаменттен 1834 адам, полиция қызметкерлерінен 78 адам және «Волонтеры Кызылорда» қоғамдық қоры, «Жастар ресурстық орталығы» КММ, «Еріктілер фронт офисі», «Жас Отан Жастар қанатынан» 346 волонтер жұмылдырылды. Алдағы уақытта да бұндай профилактикалық жұмыстар жалғасатын болады. Дегенмен, апат айтып келмейді. Тұрғындар да қауіпсіздік шараларына селсоқ қарамауы керек, – деді облыстық ТЖД бастығының орынбасары Бауыржан Ізбасаров.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: