Жұма, 03 мамыр, 02:49

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№34 — 2044
30.04.2024
PDF мұрағаты

Полицейлер Өсербаев көшесінде кезекті рейдтік жұмыстарын жүргізді

07.08.2022

841 0

Қызылорда облысының Полиция департаменті бастығының нұсқауына сәйкес қалалық полиция басқармасының қызметкерлері күшейтілген тәртіпте жұмыс атқарды. Құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында «КВАДРАТ» іс – шарасының аясында Өсербаев көшесі аумағына рейдтік жұмыстар ұйымдастырылды.
Полиция қызметкерлерімен бірге кезекті күндізгі және түнгі рейдке жергілікті белсенді тұрғындар шықты.
Іс-шара барысында жалға берілетін пәтер агенттіктерінің иелерімен Қорқыт ата көшесі №7, Өсербаев көшесі № 67, Әйтеке Би көшесі №24 және №26 үй-жайларда пәтер беру кезінде құқық-бұзушылыққа жол бермеу, санитарлық талаптарды сақтау, қоғамдық тыныштық сақтау ережелері туралы түсіндіру жұмыстары жүргізілді, сондай-ақ, учаскелік инспекторлар пәтерлерiн жалға берушілерге шетел азаматтарына пәтер беру кезінде міндетті түрде профилактикалық әңгімелер жүргізу туралы ескертті.
Сонымен қатар, Өсербаев көшесінде орналасқан дүкен иелеріне белгіленген уақыттан кейін спирттік өнімдерді сатуға тыйым салу туралы, ал мұндай фактілер анықталған жағдайда әкімшілік жауапкершілікке тарту туралы хабарламалар таратылды.
Іс-шара барысында барлығы 11 әкімшілік құқық бұзушылық анықталды. Оның ішінде, ҚР ӘҚБтК 437 (тыныштықты бұзу) бабы бойынша-3, ҚР ӘҚБтК 434 (ұсақ бұзақылық) бабы бойынша – 5, ҚР ӘҚБтК 200 ( алкогольді спирт өнімін сатқандығы үшін) 1 дерегі анықталды. Осы бағыттағы жұмыс жалғастырылатын болады.

Қызылорда қалалық Полиция басқармасының баспасөз қызметі

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: