Сенбі, 20 сәуiр, 05:53

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№31 (2041)
20.04.2024
PDF мұрағаты

Қала әкімдігінде аппараттық мәжіліс өтті

09.06.2021

1557 0

Аппараттық мәжілістің күн тәртібінде үш мәселе қаралып, жауапты сала басшылары өзекті тақырыптарды ортаға салды.

Күн тәртібіндегі бірінші мәселе 2021 жылдың І жартыжылдығына болжамды игерілуі туралы қалалық қаржы бөлімінің басшысы Сейтмахан Айменов сөз қозғады. Бөлім басшысының айтуынша, бюджет қаржысының 2021 жылдың             1 сәуіріне Қызылорда қаласы бюджетінің кіріс бөлігі жалпы 112,7%, оның ішінде қаланың өз кірістері 146,2% орындалғанын, 1 шілдесіне қала бюджеті 99,9 % игеріліп, 35,0 млн теңге игерілмейді деп болжануда. Оның ішінде республикалық бюджет есебінен – 33,4 млн теңге игерілмеуі Қызылорда облысы Белкөл-2 кентінде ауыз су желілері және Баймұрат батыр елді мекенінде ауыз су желілері жобалары бойынша техникалық қадағалаушылар анықталмауына байланысты, – деді. 

Қала әкімі Ғанибек Қонысбекұлы барлық бюджеттік бағдарлама әкімшілері, кент және ауылдық округ әкімдері бюджет қаражатын сапалы және уақытылы игеруді жауапкершілікпен қарап,  жергілікті бюджеттерге өз кірістерінің толық түсуін қала әкімінің орынбасары Бектас Балғабайұлына сапалы және мерзімінде орындалуын тапсырды.

Екінші мәселе бойынша қалалық кәсіпкерлік, өнеркәсіп және туризм бөлімінің басшысы Бағлан Аманкелдиев қаладағы кәсіпкерлікті дамыту бағытындағы мемлекеттік бағдарламалардың орындалу барысы туралы хабарлама жасады.

Жалпы Қызылорда қаласында 26 358 шағын кәсіпкерлік субъектілері тіркелген. Облыс бойынша жұмыс істеп тұрған шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің 45,5 пайызы Қызылорда қаласының үлесінде. Өткен жылы шағын және орта бизнес субъектілері 263,1 млрд.теңгенің өнімі шығарылып, аталған бизнес субъектілерде шамамен 50 556 адам жұмыспен қамтылған.

Мемлекеттік бағдарламалар аясында құны 7,4 млрд.теңгені құрайтын 781 жоба қолдау алып, бұл жобалар аясында 802 жаңа жұмыс орындары ашылды. «Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға» арналған бағдарламасы аясында Қызылорда қаласы мен қалаға қарасты кент және ауылдық округтер бойынша жоба құны 221,6 млн. теңгені құрайтын 31 жоба қолдау алды. «Бизнестің жол картасы 2020» бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасы шеңберінде биылғы жылдың 5 айының өзінде жалпы құны 6,9 млрд.теңгені құрайтын 430 жоба қаржыландырылды. «Қарапайым заттар экономикасын дамыту» бағдарламасы бойынша басымдық берілген жобаларды жеңілдікпен несиелеу бағдарламасы  іске асырылған мерзімнен бері қала бойынша жоба құны 3,1 млрд.теңгені құрайтын 36 жоба қаржыландырылды. Жыл басынан бері жоба құны 17,0 млн.теңгені құрайтын 1 жоба қаржыландырылса, жоба құны 340,0 млн.теңгені құрайтын 1 жоба қолдау алды. Екінші деңгейлі банктермен қаржы ұйымдарында жоба құны 1,2 млрд.теңгені құрайтын жобалардың құжаттары қаралуда.

Шаһар басшысы жыл басынан бері мемлекеттік бағдарламалар бойынша Қарауылтөбе, Қызылөзек, Талсуат ауылдық округтерінде бірде бір жоба жоқтығын сынға алып, қалалық кәсіпкерлік, өнеркәсіп және туризм бөлімінің басшысы мен әкімдерге бұл мәселе бойынша нақты жұмыстарды жүргізуді, көрсеткіштердің төмендеуіне жол бермеуге өз орынбасары Бектас Балғабайұлына осы бағыттағы жұмыстарды күшейтуді тапсырды.

Сондай-ақ, Ғанибек Қонысбекұлы сала басшыларына қаржы ұйымдарымен бірлесіп кәсіпкерлік саласын дамыту мақсатында қабылданған мемлекеттік бағдарламалардың мүмкіндіктері мен шарттарын түсіндіруді, өз кәсібін жаңадан ашқысы келетін бастамашыларды кәсіпкерлік негіздеріне тарту мақсатында түсіндірме жұмыстарын тұрақты түрде жүргізуді, мемлекеттік бағдарламалар  бойынша жыл соңына дейін елді-мекендерден жобалар шығаруды, кәсібін жаңадан ашқысы келетін бастамашыларға арнайы оқыту семинарларын ұйымдастырып, кәсіптерінің жүзеге асырылуы бойынша нақты жұмыстарды үйлестіруді тапсырып, нәтижелі орындалуын өз бақылауына алып, жеке қадағалайтындығын жетікізді.

Мәжілістің үшінші мәселесінде бұқаралық спортты дамыту бағытында атқарылып жатқан жұмыстар туралы қалалық дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Айбек Ормановтың баяндауынша қаладағы барлық спорт объектілеріне мүмкіндігі шектеулі спортшылардың дене шынықтыру-сауықтыру қызметтерін тегін пайдалану шешімін тапқан. Бүгінде отырып ойнау волейболы, жеңіл атлетика, парапауэрлифтинг бөлімшелері жұмыс жасайды. Ұлттық және бұқаралық спортты дамыту бойынша қалалық дене шынықтыру және спорт бөліміне тікелей бағыныстағы Қажымұқан Мұңайтпасұлы атындағы спорт клубында жастардың бос уақытын тиімді пайдалану және бұқаралық спортты дамыту, спортқа тарту мақсатында әртүрлі спорттық үйірмелер ашылып, қазіргі таңда клубта спорттың 15 түрінен үйірмелер ұйымдастырылып, 1354 қала тұрғындары тұрақты негізде спортпен шұғылдануда.

Қызылорда қаласының тұрғындарын бұқаралық спортқа тарту мақсатында – «Қайнар спорт клубы» қоғамдық бірлестігі қалада және қалаға қарасты 9 елді мекендетұрғындар мен жастар арасында бұқаралық спортты дамыту, жастардың бос уақытын тиімді өткізу мақсатында, сауықтыру, дене шынықтыру жұмыстарын жүргізетін болады.

Халықтың әлеуметтік әлсіз тобы қатарындағы қала тұрғындарын қолдау мақсатында әр ай сайын аз қамтылған, көп балалы отбасындағы балаларға және қала жастарын қол жетімді спорт инфрақұрылымымен қамту бойынша «Евразия» жүзу бассейніне,  «Мұз айдыны» мұзға сырғанауға жолдамалар берілген. Аталған жоба жыл басынан бері аз қамтылған көп балалы отбасыларға 1664,0 мың теңге жұмсалып, 3200 адамды қамтылса, қала тұрғындары мен қала жастарын қолдау мақсатында жұмсалған қаржы көлемі 1100,0 мың теңгені құрап, 2000 адамға ақысыз негізде жолдамалар берілген.

Биылғы жылы Қажымұқан Мұңайтпасұлы атындағы спорт клубының спортшылары Қазақстан Республикасы мен Азия чемпионаттарында және Әлем чемпионаттары мен кубоктарында 61 рет жеңіс тұғырына көтерілді.

Өткен жылы кенже қалған спорт түрлерін дамыту бойынша облыстық жобалық кеңсеге үстел теннисі ұсынылған болатын. Өз кезегінде жоба қолдау тауып, қаламыздың 15 мектебіне 40 үстел теннисі орнатылып, үйірмелер жүргізіліп, қазіргі уақытқа дейін жұмыстар жалғасуда.

Қала әкімі Ғанибек Қазантаев сала басшыларына қала тұрғындарын бұқаралық спортқа тарту мақсатында арнайы сайыстар және қалаға қарасты кент және ауылдық округтер бойынша арнайы спартакиада ұйымдастыруды, қалалық білім бөлімімен бірлесіп жазғы демалыс кезінде оқушылардың бос уақытын тиімді пайдалану бағытында атқарылатын жұмыстардың үйлестіруді тапсырды.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: