Бейсенбі, 13 маусым, 08:50

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№46-2056
11.06.2024
PDF мұрағаты

Қала әкімдігіндегі кадрлық өзгерістер

29.05.2024

806 0

Сурет: қала әкімдігінің баспасөз қызметі

Қала әкімі Серік Қожаниязовтың төрағалығымен кадрлық өзгерістерге байланысты актив отырысы өтті. Онда шаһар басшысы қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі мен құрылыс бөлімінің басшыларын таныстырды.

Бірыңғай конкурстық комиссияның қорытындысы негізінде қала әкімінің өкімімен Әбсұлтанов Мұрат Байғабылұлы қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы қызметіне тағайындалды.

Мұрат Байғабылұлы 1986 жылы Қызылорда облысы, Қазалы ауданында дүниеге келген. 2008 жылы М. Тынышбаев атындағы Қазақ көлік және коммуникациялар академиясында «Көлік, көлік техникасы және технологиясы», 2014 жылы «Ақмешіт» гуманитарлық-техникалық институтында «Экономика» мамандығы бойынша білім алған.

Еңбек жолын Қазалы аудандық №5 кәсіптік лицейдің мұғалімі болып бастаған. 2013-2023 жылдар аралығында Сырдария аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің бас маманы, басшының орынбасары, басшысы, Қазалы аудандық құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімінің басшысы болды.

2023 жылдан бастап Қазалы ауданы, Әйтеке би кентінің әкімі қызметін атқарып келді.

Ал, бұған дейін қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы болған Файзуллаев Жеңісбек Исламұлы қала әкімінің өкімімен қалалық құрылыс бөлімінің басшысы қызметіне тағайындалды.

Жеңісбек Исламұлы 1992 жылы Қызылорда қаласында дүниеге келген. Жоғары білімді. Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетін 2014 жылы «құрылыс» мамандығы бойынша тәмамдаған.

Еңбек жолын 2012 жылы Қызылорда қалалық құрылыс бөлімінде маман ретінде бастаған.

2015-2022 жылдары Қызылорда облысының құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасында бас маман, 2022 жылы Сырдария аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы, 2022 жылдың қараша айынан бастап осы кезге дейін қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы қызметтерін атқарды.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: