Жұма, 19 сәуiр, 17:47

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№30 (2040)
16.04.2024
PDF мұрағаты

Қала әкімі телефон шұқып отыратындарға ескерту жасады

24.06.2022

732 0

Aqmeshit-aptalygy.kz Кеше қала әкімі Асылбек Шаменовтың төрағалығымен аппарат мәжілісі өтті.


Мәжілісте жазғы маусым кезінде суға кету қаупінің алдын-алу, оқушылардың жазғы демалысын ұйымдастыру, салық базасын ұлғайту және кіріс көздерін іздестіру, қаланың әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы мәселелер қаралды.


Бүгінгі мәжіліс отырысында қала әкімі телефон шұқылап отыратындарға ескерту жасады.


– Аппараттық мәжіліс жиналысына қатысып отырған әкімнің орынбасарлары, бөлім басшылары, кент және ауылдық округ әкімдері телефонға қарап, телефонын шұқылап отыратынын байқап отырамын. Жиналысқа келгеннен кейін қаралған мәселелерге зер салып, тыңдауы керек. Сондықтан мұндай мәселе болмасын. Алдағы уақытта телефон шұқылап отырғандар мәжілістен шығып кетеді. Ал есіктен шыққаннан кейін қайтадан кірмейсіздер. Өз абыройларыңызды сақтаңыздар, – деді қала әкімі.

Айтолқын АЙТЖАНОВА

Басқа да жаңалықтарды біздің әлеуметтік желідегі парақшалардан оқыңыз:

Telegram      Facebook      Instagram

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: