Жексенбі, 05 мамыр, 23:54

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№35 — 2045
04.05.2024
PDF мұрағаты

Қала әкімі жеке қабылдау өткізді

01.04.2023

582 0

​Қала әкімі Асылбек Шәменов құқық қорғау саласының басшыларымен бірге тұрғындарға жеке қабылдау өткізді. БАҚ-да және әлеуметтік желілерде алдын ала берілген хабарландыруды естіп келген азаматтар өз мәселелерін ашық түрде қоюға мүмкіндік алды.

​«AMANAT» партиясының қалалық филиалы ғимаратында өткен жеке қабылдауға қала прокурорының орынбасары мен қалалық полиция басқармасы бастығының орынбасары қатысты.​“Халық үніне құлақ асатын мемлекет” қағидасына негізделген қабылдауда барлығы 82 азаматтың өтініші қаралды. Қала әкіміне 70-ке жуық тұрғын келді. Көпбалалы аналар мен мүгедектігі бар жандар және жұмыссыз жүрген азаматтар өз мәселесін жеткізді. Басым бөлігі – тұрғын үй алу жолдарын сұрап, денсаулық жағдайына байланысты медициналық көмекке мұқтаж екенін айтып, сауалдарын жолдады.​

Қала әкімі Асылбек Шаменов мәселесін айтып келген тұрғындарға нақты жауап беріп, жауапты сала басшыларына тапсырма берді. Ал, құқық қорғау органдарының басшылары қабылдауға келген азаматтарға заң аясында түсіндірме жасады.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: