Бейсенбі, 28 наурыз, 22:00

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№24(2034)
23.03.2024
PDF мұрағаты

Қала тұрғындары сала мамандарынан тегін кеңес алды

24.02.2023

854 0

Бүгін «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің ұйымдастыруымен қаладағы халық көп шоғырланған «Айт-бек», «Отырар», «Жайна», «Қорқыт» және «Сұлтан» әмбебап сауда орталықтарында арнайы сала мамандарының қатысумен жастарға мемлекеттік қолдау бағдарламаларын кеңінен түсіндіру, жастар саясатына мүдделі тараптардың ортасын қалыптастыру мен жастарға қатысты өзекті мәселелерді зерделеу бағытында 500-ге жуық қала тұрғынына кеңес беру жұмыстары жүргізілді.


Кеңес беру шарасына Қызылорда облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы, «Отбасы банк» АҚ Қызылорда облысы бойынша филиалы, «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының Қызылорда облысы бойынша филиалы, Облыстық «Жастар денсаулығы орталығы» КММ-сі мен облыстық «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің мамандары қатысып, жастарға өз салалары бойынша бағыт-бағдар, кеңес беру жұмыстарын жүргізді.


Халықтың ең көп талап-тілегі мен сауалдары «Отбасы банк» АҚ Қызылорда облысы бойынша филиалының мамандарына жолданды. Банк менеджерлері А.Таласбаева, А.Зілтаева, М.Алигентова, А.Жантаева, А.Мажитоваға зейнетақы қорындағы қаражатты пайдалану, депозит ашу, пәтер сатып алу үшін ипотекалық кредит алу, «Отбасы банк» қаражатын пайдаланушыларға қандай да бір жеңілдіктер ұсыну жөніндегі маңызды сауалдар жолданып, сәйкесінше толыққанды жауаптар алды. Сонымен қатар, бірқатар тұрғындарға мезетінде депозит ашылып, несие рәсімдеуге көмек берілді.
Ал Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің мамандары Ә.Кеңесбай, Ә.Жақсылық, С.Аюбаева, Е.Сапар, Р.Мұхамбетжановқа өңір жастары жастар практикасы мен қоғамдық жұмыс бойынша жұмысқа орналасудың заңдылықтары жөнінде сауалдарын жолдап, қажетті ақпараттармен танысты. Көпбалалы аналар мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алуға қатысты бірқатар мәселелерін айтып, сала мамандарының кеңесін алды.


Қазір тұрғындар медициналық көмекке жиі жүгінеді. Бүгінгі кеңес беру шарасында Жастар денсаулығы орталығының мамандары А.Алтаева, А.Құлмұратова, Н.Әбсамат, Р.Жұмаділдаева, А.Құлмырзаева жастар арасында жиі кездесетін аурулар, денсаулыққа көңіл бөлмеудің салдары, психологиялық көмек беру бойынша жолданған сауалдарға жауап беріп, тұрғындардың ризашылығын алды.


Сонымен қатар, жастарды кәсіпкерлікке баулу бағытында да мемлекет тарапынан маңызды жобалар мен бағдарламалар жүзеге асырылуда. Аталған бағдарламаларды жастарға насихаттау, кәсіп ашуға жол көрсету мақсатында кеңес беру жұмысына «Атамекен» кәсіпкерлер палатасының қызметкері А.Балмаханов арнайы қатысып, қолдау білдірді. Жастар сала маманына кәсіп ашуда жастарға берілетін жеңілдіктер, мемлекетті гранттар, субсидия мәселелері бойынша қажетті сұрақтарын қойып, мәліметтер алды.


Аталмыш шарада Жастар ресурстық орталығының қызметкерлері жастардың бос уақытын тиімді өткізуге бағытталған шаралар, жастарды қолдауға бағытталған мемлекеттік бағдарламалар жөнінде айтып, жастарды бірлесе жұмыс жасауға шақырды.


Шарада өңір тұрғындарының талап-тілектері тыңдалып, ұсыныс-пікірлері жинақталды. Қала тұрғындары өз кезегінде, тегін кеңес беру шарасы аясында медициналық қызметтердің қосылуын сұрады.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: