Жексенбі, 28 сәуiр, 12:25

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№33 – 2043
27.04.2024
PDF мұрағаты

Қала жылуға дайын ба?

30.08.2022

1259 0

Ұлттық экономика министрлігіне қарас­ты Табиғи монополияларды реттеу комите­тінің Қызылорда облысы департаменті баспасөз турын ұйымдастырып, «Қызылорда жылу электр орталығы» мемлекеттік кому­нал­дық кәсіпорнының жаңарту және жаң­ғырту жұмыстары мен инвестициялық мін­деттемелерінің орындалуы сараланды.

Баспасөз турында «Қызылорда жылу электр орталығы» директорының орынбасары Бақытжан Молдименов, облыстық мәслихат депутаты Мақсұт Нәлібаев жұмыстың сапалы орындалуын тексеріп, межелі мерзімде аяқталу керектігін жеткізді.

Қазіргі таңда қала бойынша «Қызылорда жылу электр орталығы» инвестициялық бағдарлама негізінде жалпы сомасы 36,952 млн теңгеге жылу қазандығының желілік сорғысын ауыстырып, кварталаралық жылу жүйелерін және негізгі мен қосалқы қон­дыр­ғыларға күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізуде.

Мамандар жылу құбырларының ақау шыққан тетіктері жөнделіп жатқанын айтты.

– Мердігер мекемелермен келісімге оты­рып, жұмыстың сапалы әрі тез аяқталуы қатаң тапсырылады. Қазіргі таңда кәсіпорын алдағы жылу беру маусымына дайындалуда. Бұл бағытта инвестициялық бағдарлама шеңберінде кәсіпорын өз қаражаты есебінен негізгі және қосалқы қондырғыларды жөн­деуге 81,983 млн теңгеге ұзындығы 4,3 ша­қырым кварталаралық жылу желілерін жөн­деуге қаражат бөлінді. Жылу трассасының бір­қатар учаскелерін, турбиналық цехтың қосалқы жабдықтарын жөндеу мен ауыс­тыруға облыстық бюджеттен 336,3 млн тең­ге бөлінді. Қазіргі таңда бұл бағыттағы жұ­мыстар тиісті деңгейде атқарылуда. Бұл жылу және электр қуатының тапшылығын жабуға жылу желілеріндегі судың жоғалуын азайтуға, қаланың жылу энергиясын тұтыну­шыларды жылумен жабдықтау сапасын жақсартуға мүмкіндік  береді, – дейді «Қы­зылорда жылу электр орталығы» ди­рек­то­рының орынбасары, бас инженер Бақытжан Молдименов бізбен әңгімесінде.

Айта кетейік, қала бойынша 5 шақы­рым жылу беру жер асты ұңғымалары ауыстырылуда. Жұмыс толығымен аяқтал­ған соң линияға су толтырып, бесінші қыркүйектен бастап, сынақ мерзімі баста­лады. Ал қазан айының ортасында қала толық жылуға қосылады деп күтілуде.

Тұрар БЕКМЫРЗАЕВ

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: