Бейсенбі, 09 мамыр, 02:55

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№36 – 2046
07.05.2024
PDF мұрағаты

Қалалық ардагерлер кеңесінің төрағасы сайланды

22.07.2021

1494 0

Қалалық ардагерлер кеңесінің төрағасы болып Тәуіпбаев Сұлтанбек Тәуіпбайұлы сайланды.
Сұлтанбек Тәуіпбайұлы 1956 жылы дүниеге келген. Техника ғылымдарының докторы, профессор.
Жамбыл гидромелиоративтік-құрылыс институтын «Инженер-гидротехник» мамандығы бойынша бітірген.
Еңбек жолын Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің «Ауылшаруашылығы мелиорациясы» кафедрасында оқытушы ретінде бастап, 1994-1997 жылдары Қызылорда политехникалық институтының «Мелиорация және гидроэкология» кафедрасында оқытушы, аға оқытушы және қосымша институттың қабылдау комиссиясының жауапты хатшысы, кафедра меңгерушісі, факультет деканы;
2003-2008 жылдары облыстық коммуналдық мемлекеттік «Қызылордасушаруашылығы» кәсіпорнының директоры;
2005-2007 жылдары Жалағаш ауданынан сайланған облыстық мәслихат депутаты;
2008-2012 жылдары Сырдария ауданының әкімі;
2012-2015 жылдары Жаңақорған ауданының әкімі;
2015-2019 жылдары И.Әбдікәрімов атындағы Қызылорда аграрлық техникалық жоғары колледжінің директоры қызметтерін абыроймен атқарған.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: