Жұма, 26 сәуiр, 14:16

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№32 (2042)
23.04.2024
PDF мұрағаты

Қаланың бір мәселесі – кәріз жүйесі

17.11.2021

1676 0

Қала тұрғындарын ауыз сумен қамтамасыз ету және кәріз суларын бұру нысандарын қыс мезгіліне дайындау жұмыстарының сапалы жүзеге асыру жөнінде «Су жүйесі» мекемесі директорының орынбасары  Наурыз Баярыстанов баспасөз орталығында өткен брифингте кеңінен айтып берді.

– Су алу құрылымындарындағы ІІ су көтеру насостық станцияларына ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізіліп, электр тауарлары жаңаланды. Көпқабатты тұрғын үйлер мен қала аумағындағы ескі ауыз су құбырлары  жаңа жүйеге қосылды. Инвестициялық бағдарлама бойынша ауыз су ұңғымаларына 18 бірлік насос қондырғысы орнатылып, 15 дана насос қондырғысы мен 6 дана өрт гидранты жөнделді. Қазіргі таңда, Тасбөгет кентіндегі «Бас су жинау кешенінің» ІІ-ші су көтеру насос станциясындағы №1 насос қондырғысы электр қозғалтқышына күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Сондай-ақ Нұрмақов көшесіндегі №12 басты кәріз насос станциясынан шығатын д-400мм кәріз құбырының 201 метр болатын ақаулы аумағы толығымен ауыстырылып, қалпына келтірілді. Мұндай жұмыстар алдағы уақытта да жүйелі жүргізіле бермек, – дейді Н.Баярыстанов баспасөз мәслихатында.

Кәріз су нысандары бойынша «Саяхат» шағын ауданындағы «Жан Арай Жем» ЖШС-нің өндірістік базасы аумағынан заманауи үлгідегі кәріз су қабылдау пунктін салуға жобалық-сметалық құжаттары әзірленуде екен. Алдағы уақытта бұл бағыттағы жұмыстар аяқталып, кәріз құбырларының бітелуінен туындайтын мәселелерді түбегейлі шешіп, жағымсыз иісті жоюға мүмкіндік бермек.

Тұрар БЕКМЫРЗАЕВ

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: