Сенбі, 27 сәуiр, 20:25

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№33 – 2043
27.04.2024
PDF мұрағаты

Қоғамдық қауіпсіздік тұрақты бақылауда

13.02.2024

1121 0

Бүгін қала әкімінің орынбасары Дархан Тұрсынбаев Сол жағалау тұрғын ауданындағы құқық бұзушылықтың алдын алу бағытында зерделеу жұмыстарын жүргізді.

Жалпы, тәртіп сақшыларының бірлескен жұмысының нәтижесінде қала көлемінде ахуал тұрақты. Қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мен тәртіпті сақтау мақсатында анықталған құқық бұзушылықтар бойынша жедел жұмыстар жүзеге асырылуда. Мәселен, өткен апта көлемінде Қызылорда қалаcы Полиция басқармасының патрульдік полиция қызметкерлері 1514 әкімшілік құқық бұзушылықты анықтаса, учаскелік полиция инспекторларымен 289 әкімшілік құқық бұзушылық тіркелді.

Ювеналды полиция қызметкерлері бір апталық рейдтік жұмыстары аясында 53 әкімшілік хаттама рәсімдеді. Ал, жедел басқару орталығының бейнекамералары арқылы 845 құқық бұзушылық тіркелді.Құқық бұзушылықтың алдын алу бағытындағы жұмыстар тұрақты жалғасады.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: