Жұма, 26 сәуiр, 08:35

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№32 (2042)
23.04.2024
PDF мұрағаты

Қолөнер – мол өнер

17.11.2022

731 0

Қазақ халқы тұрмысқа қажетті қол өнердің алуан түрін ойлап тапты. Өз ұрпағының «сегіз қырлы, бір сырлы» өнегелі, өнерлі болып өсуін мақсат еткен ата-анамыз өз бойындағы бар асыл қасиеттерін ұрпақтан-ұрпаққа үйретіп келді.

Тоқу өнері – қазақ халқының ежелден келе жатқан қол өнер саласының бірі. «Шебердің қол алтын» дейді дана қазақ. Сөзге шебер, іске де ұстаз халқымыздың зор мәдениетімен өнерін паш ететін құндылықтардың бірі қолөнер. Осыған орай «Парасат жолы» жобасы аясында қалалық жүйеге қарасты №13 балалар кітапханасының ұйымдастыруымен «Қолөнер – мол өнер» өнер сағаты Ә.Тыныбаев атындағы № 11 мектеп-лецейінің 6 «В» сынып оқушыларымен өтті.

Шараға директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Жанат Қарабөпеева, ағылшын пәнінің мұғалімі Жазира Сәрсенбаева, музыка пәнінің мұғалімі Анар Сералиева, технология пәнінің мұғалімдері қатысты. Сондай-ақ мұғалімдер әр түрлі бұйымдарды ілмекпен тоқуды екі топтағы «Иірім» және «Габилён» тобындағы оқушыларға 20 минуттық бейне баян арқылы көрсетті.

«Шебердің қолы алтын», – дейді атам қазақ. Сөзге де шебер, іске де ұста халқымыздың зор мәдениеті мен өнерін паш ететін құндылықтарының бірі – оның қолөнері. Ағаштан, темірден түйін түйген, жүннен көз жауын алатындай бұйым жасаған, асыл тастардан сән бұйымдарын соққан, сүйек пен мүйізді, шиді қиынынан қиыстырған халық шеберлерінің ісі – мақтауға тұратын өнер туындысы.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: