Сәрсенбі, 13 қараша, 01:30

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№90-2100
12.11.2024
PDF мұрағаты

«Қыс-2022»: Төтенше жағдайдағы әрекет пысықталды

25.11.2022

718 0

24 қараша күні облыс орталығы Қызылорда қаласында «Қыс-2022»  республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығулары үш кезеңде өтті. Сырдария өзенінің сол жағалауында ұйымдастырылған оқу-жаттығу жұмыстарының бірінші кезеңіне қала әкімінің орынбасары Ғалымжан Еркебай мен Облыстық төтенше жағдайлар департаменті бастығының орынбасары, полковник Нұрсұлтан Ирагимов, қалалық төтенше жағдайлар басқармасының бастығы Жасұлан Түйменов және әр саланың жауапты мамандары қатысып, қаланың азаматтық қорғау қызметтеріне саптық қарау жұмыстарын жүргізді. Бұл туралы Қызылорда қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Қыс кезіндегі төтенше жағдайларды жою және халықтың дайындығын арттыру, әрі  азаматтық қорғаныс құрылымы мен қызметтерінің даярлығын тексеру мен жетілдіру мақсатында ұйымдастырылған оқу-жаттығ жиынына 14 қызметтен барлығы 34 дана техника мен 117 қызметкер жұмылдырылды.

Қала әкімінің орынбасары Ғалымжан Еркебай арнайы техникалардың және әр қызметтің жұмысымен танысып, қызметкерлердің дайындығын тексерді. Оқу-жаттығу жоспарына сай газ тарату жүйесінде туындаған апатты жағдайды жою, сондай-ақ вагоннан шыққан өртті ауыздықтау бойынша тәжірибелік жұмыстар жүргізілді. Зардап шеккендерге алғашқы медициналық көмек көрсету де пысықталды.

Атап айтқандай, оқу-жаттығудың  Iекінші кезеңі 12 бірлік техника мен 56 адамның қатысуымен Белкөл кентінде ұйымдастырылды. Аталған практикалық іс-шара Белкөл станциясында жолаушылар пойызының вагонында өрт оқиғасы орын алуымен басталды. Шара барысында барлық бағыттағы темір жол көліктерінің жүрісі тоқтауы, жолаушыларды эвакуациялау сынды барлық қажетті дайындық шаралары жүргізілді.

«Қыс-2022»  республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуын өткізудің үшінші кезеңі Ақмаржан мөлтек ауданында өткізілді. Аталған практикалық іс-шара жүк автокөлігінің жүргізушісінің газ жүйесіндегі «ЖҚ-160 мм» ажыратқыш кранына соғу арқылы жол-көлік оқиғасы орын алуымен басталды. Оқу-жаттығудың тапсырмасы бойынша төтенше жағдай аумағын қоршауға алу, қоғамдық тәртіпті орнату, өрт ошағын оқшаулау, зардап шеккен адамға медициналық көмек көрсетіп, стационарлы мамандандырылған медициналық орталығына жөнелту, төтенше жағдай аймағындағы тұрғындарды құлақтандырып, тіршілікпен қамтамасыз ету, газ жүйесін қалпына келтіру  жұмыстары атқарылды. 

А.БІРКЕНОВ

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: