Сенбі, 04 мамыр, 01:30

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№34 — 2044
30.04.2024
PDF мұрағаты

Қыс жақындады, көмір жеткілікті ме?

03.10.2023

546 0

Енді бір әрі кетсе екі аптаның көлемінде жылу маусымы басталады.Жылдағы үрдіс бойынша алатын болсақ, 15 қазанда жылу беріледі. Бұл – қыс жақындады деген сөз. Қаншалықты дайынбыз? Қолда бар ақпаратқа сүйенсек, өңірдегі көмір қоры қысқа толық жетпейтін көрінеді. Облыс әкімдігінің баспасөз қызметі таратқан ақпаратта Арал, Қазалы және Жалағаш аудандарына  қажетті көмір қорының  30 пайызы ғана жеткізілгені жазылған. Қармақшы мен Сырдарияда да жағдайдың оңып тұрғаны шамалы.

Облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаевтың төрағалығымен өткен мәжілісте өңірде  көмір қорын жасақтау мәселесі қаралды.

Аймақ басшысы жылу беру маусымына дайындық барысында қажетті көмір қорын жинақтау мәселесі ең өзекті екенін атап өтті.

– Бұл мәселе Мемлекет басшысының және Үкіметтің тікелей бақылауында. Мен көмір қорын дайындауды жаз айларынан бастау қажеттігін айтып келемін. Кейбір әкімдер жұмысты әлі де  дұрыс ұйымдастырмаған. Бұған дейінгі жиналыстарда тиісті аудан әкімдеріне қатаң ескерту жасаған болатынмын. Алайда Арал, Қазалы және Жалағаш аудандарына  қажетті көмір қорының  30 пайызы ғана жеткізілген.  Қармақшы, Жалағаш және Сырдария аудандарының көмір қоймаларындағы көрсеткіш төмен. Жылу беру маусымында көмірге қатысты ешқандай мәселе туындамауы тиіс! Операторлармен, «Қазақстан темір жолымен» тығыз байланысып,  жұмыс жасаңыздар, – деді облыс әкімі.

Облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы басқармасының басшысы Болатбек Ысмағұлов  жеткізілген отын қоры, қала, аудандардың қамтылуы туралы  баяндады.

Аймақ басшысы жауапты басшыларға  жылу беру маусымына  дайындық барысын қатаң бақылауды тапсырды. 

Дәл осы жиында облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы басқармасына жеткізілген отын қорына күнделікті мониторинг жүргізу тапсырылды. Ал Қызылорда қаласы және аудан әкімдіктері жылу беру маусымы жоспарына сәйкес қажетті көмірді жеткізуі, қоймаларда жеткілікті  қор жинауды ұйымдастыруы тиіс.  Сонымен қатар жеткізілген көмірдің тұрғындарға тікелей сатылуы бақылауға алынуы керек. Әйтпесе делдалдың саудасы да үлкен мәселе.

А.АҚЫЛБЕК

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: