Жұма, 29 наурыз, 20:55

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№24(2034)
23.03.2024
PDF мұрағаты

Қысқы дөңгелек қауіптің алдын алады

30.11.2022

585 0

1 желтоқсанда Қазақстанда заңнамаға сәйкес жазғы резеңкесі бар автокөліктерге жүруге тыйым салынады. Осыған байланысты Қызылорда қалалық полиция басқармасының патрульдік полицейлер жүргізушілерге заңнаманың сақталуы туралы ескертеді. Бұл туралы Қызылорда қалалық полиция басқармасының баспасөз қызметі ресми әлеуметтік парақшасында жазды.

Суық мезгілде ауа райының өзгеруі жағдайында патрульдік қызметкерлер осы кезеңде қауіпсіздік ережелерін сақтау бойынша профилактикалық жұмыстарға басты назар аударуда.

–  Күшейтілген тәртіпте жұмыс істеген соңғы айдың өзінде патрульдік полиция қызметкерлері қауіпсіздік белбеуін тақпағаны үшін 815-тен астам жүргізушіні, қозғалыс кезінде ұялы телефонды пайдаланғаны үшін 305 жүргізушіні жауапқа тартты. Сондай-ақ, 440 жаяу жүргінші жолды белгіленбеген жерлерде кесіп өткені үшін жауапкершілікке тартылды, – деді Қызылорда облысының Полиция департаменті Әкімшілік полиция басқармасының бастығының міндетін атқарушы полиция подполковнигі Құлмағамбетов Айбек.

Бүгінде атқарылып жатқан барлық шара жол қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған. Қазақстан Республикасының жол жүрісі қағидалары мен Кеден Одағының 018/2011 «Дөңгелекті көлік құралдарының қауіпсіздігі» техникалық регламентінде қыс мезгілінде желтоқсан, қаңтар, ақпан айларында қысқы дөңгелектермен немесе тиекті шиналармен жабдықталмаған көлік құралдарын пайдалануға тыйым салынады деп белгіленген. Міне, осы талапқа сәйкес көлік құралдарына орнатылатын қыстық шиналар, ішінде қырау суреті бар үш шыңды тау түріндегі белгісі бар, сонымен қатар «М+S», «M&S», «M S» белгілерімен таңбалануы тиіс.

Қалалық полиция басқармасының мамандары заңға сәйкес 1-ші желтоқсаннан бастап, көрсетілген талаптарды бұзған көлік жүргізушілеріне қатысты, Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 590-бабының «Көлік құралдарын пайдалану қағидаларын бұзу» 5-бөлігіне сәйкес «Жол жүрісі қауіпсіздігін қамтамасыз етудің белгіленген қағидаларына сай келмейтін көлік құралдарын басқару» бойынша 5 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде әкімшілік айыппұл салынатындығын жүргізушілерге ескертуде.

А.НҰР

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: