Дүйсенбі, 06 мамыр, 02:37

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№35 — 2045
04.05.2024
PDF мұрағаты

Қытымыр қыс жақын: Қаладағы техникалардың дайындығы қалай?

27.11.2022

802 0

Келер аптаның ортасында қыс мезгілі де бастау алады. Өкпек жел, аязды, қатқақ мұзды күндер қала тұрғындарын біраз әбігерге салатыны анық. Бұл мезгілде жауапты мамандардың қызметі екі есе көбеймек.

Әсіресе жолдардың уақытылы тазартылуы, қарды қаладан шығару үшін тазалық техникалары тынымсыз тірлікке кіріседі. Күндіз-түні қала жолдарының қауіпсіздігін қамтамасы етіп, жаяу жүргіншілердің тротуарын жайлы ету олардың басты мақсаты. Сондықтан арнайы көліктердің мерзімді қызметке дайындығын құнттап, дайындық жұмыстарын өткізудің маңыздылығы жоғары.

Осы себептен Қызылорда қаласы әкімінің орынбасары Ғалымжан Еркебай сенбі күні арнайы техникалардың қысқа дайындығын пысықтап қайтты.

Биыл «Қызылорда су жүйесі» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнының теңгеріміндегі 26 техникаға ағымдағы жөндеу жұмыстары жасалып, қыс мезгіліндегі ауқымды жұмыстарға толығымен дайын тұр екен. Сондай-ақ, мекеме базасында қар жауып, көк тайғақ орын алған жағдайда себетін 2000 тонна құм-тұз қоспасы жинақталған.

Қыс мезгілінде қар тазалау жұмыстарына мекеме тарапынан 26 жүргізуші мен қосымша 250 жұмысшы күші жұмылдырылады деп жоспарлануда. Сонымен қатар,  екі ауысыммен  арнайы кезекшілік кестесі бекітіліп, жұмыс жоспары жүйеленді.

Естеріңізге сала кетсек, бұған дейін жылу маусымына дайындық жұмыстары қыркүйек айынан бастап жоспарлы түрде жүргізілгенін жазған едік. Қала әкімдігі Қызылорда қаласының жылу желілерінде 16 кгс/см2 дейінгі қысыммен магистральдық және 12 кгс/см2 ауданаралық жылу құбырларының тығыздығына гидравликалық сынақ өткізіліп жатқандығын хабарлады. Сынақ 2022-2023 жылдағы жылу маусымының басталуына байланысты және ҚР Энергетика министрінің 30 наурыз 2015 жылы №247 бұйрығымен бекітілген «Электр станциялары мен желілерін техникалық пайдалану» қағидасының №623 тармағына сәйкес өткізілген еді. Бүгінгі күні қалада жоспарға сай жылыту маусымы жүзеге асырылып жатыр

Аслан НҰРАЗҒАЛИ

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: