Сенбі, 27 сәуiр, 14:05

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№33 – 2043
27.04.2024
PDF мұрағаты

«Қызылорда DEBAT CUP – 2023» ұлттық пікірсайыс турниріне өз мәресіне жетті

28.04.2023

530 0

Жалпы орта білім беру ұйымдарының 8-11 сынып оқушылары арасында қала әкімінің кубогы үшін өткен «Қызылорда Debat Cup – 2023» Ұлттық пікірсайыс турнирі өз мәресіне жетті. Турнирге қаладағы барлық мектептерден ұшқыр ойлы, тапқыр да талантты жүзден аса оқушы қатысып, 3 кезең бойынша бақ сынады.

Шараға арнайы қатысқан қала әкімінің орынбасары Жанмұрат Сейілов турнирден оза шапқан үздік оқушыларды жеңістерімен құттықтап, шәкірт тәрбиелеу жолында бүгінгідей шаралардың маңызы зор екендігін тілге тиек етті.

«Дебат – тек зияткерлік ойын емес, ол – сыни ойлау дағдыларын қалыптастырып, ақпаратты дұрыс талдауға, командамен бірлесіп жұмыс істеуге, сұрақ қойып, оларға нақты жауап беруге үйрететін білім беру технологиясы. Бүгінгі жеңіс тұғырынан көрінген жеңімпаздарды шын жүректен құттықтай отырып, еңбектеріңізге толағай табыс, ғылым жолындағы бастамаларыңызға сәттілік тілеймін», – деді Жанмұрат Жақсымұратұлы.

Турнир қорытындысы бойынша жүлделі ІІІ орынды Абай атындағы үш тілде оқытатын дарынды балаларға арналған мамандандырылған сыныптары бар мектеп иеленсе, ІІ орынды №267 орта мектебі жеңіп алды. Ал, Т.Есетов атындағы №264 мектеп-лицейі «Қызылорда Debat Cup – 2023» Ұлттық пікірсайыс турнирінің жеңімпазы атанды.

«Үздік фракция» номинациясымен С.Сейфуллин атындағы №4 ІТ мектеп-лицейі, «Үздік спикер» номинациясымен М.Дүйсенов атындағы №15 мектеп-лицейінің спикері Томирис Ибрагим, «Үздік үйлестіруші» номинациясымен С.Лапин атындағы №261 орта мектебі марапатталды.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: