Жұма, 26 сәуiр, 16:05

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№32 (2042)
23.04.2024
PDF мұрағаты

Қызылорда облысының тұрғындары қалаға аса қауіпті жолмен қатынап жүр

06.06.2023

1035 0

Жол жиегіне оның аса қауіпті жағдайда тұрғанын көрсететін жол белгілері қойылмаған.

Қызылорда облысындағы бірнеше ауылдың тұрғыны қалаға үш айдан бері адам өміріне аса қауіпті жолмен қатынап келеді. Өйткені көктем басында тасқын су шайған облыстық маңызы бар трасса әлі күнге дейін жөнделмеген, деп хабарлайды 31 арнаның «Информбюро» бағдарламасы.

Бірнеше ай бұрын тасқын су облыстық маңызы бар көпірді шайып кеткен. Соның салдарынан көпірдің бір жақ шеті толығымен опырылып, құлап қалған. Алайда осы өтпелі жолдың аса қауіпті жағдайда тұрғанын көрсететін екі жағына жол белгілері қойылмаған. Тұрғындардың айтуынша, осы уақыт ішінде бұл торап талай жол апатына себеп болған.

Қауіпті жолмен қазір Қармақшы және Жосалы ауылдарының тұрғындары қатынайды. Өйткені айналма жолдың қашықтығы 200 шақырымнан асады. Ал әкімдіктегілер негізі трассаның үш айдан бері жабық тұрғанын айтты.

«Бүгінгі күні жобалық-сметалық құжаттарына төтенше жағдайлар резервінен қаржы бөлініп, тиісті құжаттар әзірленді. Енді қайта қалпына келтіру жұмыстары жүргізіледі. Осы айдың қаржысын бөлуді жоспарлап отырмыз», – деді Қызылорда облыстық автомобиль жолдары басқармасының бөлім басшысы Өмірбек Мұсаев.

Тасқынға байланысты төтенше жағдай жарияланса да, қаражат әлі бөлінбеген. Бірақ бөлім басшысының айтуынша, бір ай ішінде қауіпті трасса қалыпқа келеді.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: