Бейсенбі, 11 тамыз, 07:38

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№63 (1868)
09.08.2022
PDF мұрағаты

Қызылорда қаласында жастар апталығы басталды

04.08.2022

269 0

Тамыздың 12-сі – Халықаралық жастар күні. Осыған орай, Қызылорда қаласында бір апта бойы жастарды арасында түрлі шаралар ұйымдастырылады.  Жеті күнге созылатын ауқымды шаралар туралы бүгін баспасөз орталығында өткен брифингте «Qosyl» қалалық жастар ресурстық орталығының директоры Әліби Басаров мәлімдеді.

Жастар апталығының алғашқы күні – «Эко мәдениетті дамыту күні» деп аталды. Соған сәйкес, 6 тамыз күні сағат 10.00-де Қорқыт ата ескерткеші аумағында «ECO Marathon» сенбілік акциясы және қала көлемінде қызмет жасап жүрген тазалықшыларға құрмет көрсету шарасы өтеді. 7 тамыз «Таланттар» күнінде сағат 19.00-де «Аrai City Mall» Сауда үйінде шығармашыл жастардың «Qosyl Dance» заманауи би сайысы, 8 тамыз «Еңбек» күнінде жастар арасында «Тас қалаушылар» мен «Дәнекерлеушілер» байқауы ұйымдастырылады. Ал, 9 тамыз «Балаларға қуаныш сыйлау» күнінде жастар акциясы, сондай-ақ, қала аумағындағы жөндеуді қажет ететін, балаларға арналған ойын алаңдарын қалыпқа келтіру және көпшілік қайырымдылық шарасы өтпек. 10 тамыз «Ауыл жастары» күнінде қалаға қарасты кент және ауылдық округтердегі жастар арасында мәдени-спорттық шаралар өтсе, 11 тамыз «Спорт» күнінде қала көлемінде жастар арасында «АULA SPORT» спорттық шарасы болады.

Бұдан бөлек, 11 тамыз күні жастарды қолдауға бағытталған мемлекеттік бағдарламалар жөнінде мейлінше мол ақпарат беру үшін қалалық мәдени және демалыс паркінде «Мүмкіндіктер керуені» өтеді. 

–    Жастардың қызығушылығына сәйкес жастар апталығын 12 тамыз күні кешкілік орталық алаңда заманауи DJ-лердің қатысуымен би кешімен қорытындыламақпыз. Қала жастарын айтулы мерекемен құттықтай отырып, жастар күніне орай өтетін шаралар легіне белсене қатысуға шақырамын, – деді орталық директоры Әліби Төлепбергенұлы.

Айта кетерлігі, «Qosyl» жастар орталығының  ұйымдастыруымен «Арбат» бойында әр аптаның бейсенбі күні – «PING-PONG», жұма күні – «Караоке Battle», сенбі күні – «Кино TIME» жобалары тұрақты түрде өткізілуде. Осы және өзге де  қала жастарына қатысты күнделікті ақпараттар мен жаңалықтар «qosylbot»  телеграм-бот және «qosyl.mrc» инстаграм парақшасында жариялануда.

Тағы да оқыңыз: