Сәрсенбі, 24 сәуiр, 00:16

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№32 (2042)
23.04.2024
PDF мұрағаты

Қызылорда қаласында жоғалған бала іздестірілуде

28.04.2021

3859 0

27.04.2021 жылы кешкі сағат 19:35 шамасында Қызылорда қаласы Титов қыстағында  кәмелетке толмаған 27.06.2015 ж.т. Бахыт Альтаир Мақсатұлының жоғалғандығы туралы арыз түсті.

Ата – анасының айтуынша, 6 жастағы  бала 27.04.2021 жылы сағат 10:00 шамасында үйінен ойнауға шығып кетіп, қайта оралмаған. Баланың ата – анасы полицияға 9 сағаттан кейін ғана хабар берген.

Іздестіру жұмыстарына Қызылорда облысы Полиция департаментінің,  Қызылорда қалалық Полиция басқармасының жеке құрамы, Төтенше жағдайлар департаменті, еріктілер және жергілікті тұрғындар жұмылдырылды. Іздеу шаралары аясында әлеуметтік желілер және бұқаралық ақпарат құралдары арқылы тұрғындар ақпараттандырылды. 

Полиция қызметкерлерінің күшімен қаланың көпқабатты  шатырлары, өжірелері және ауладағы люктары, саяжайлардағы тастанды үйлер, құрылысы бітпеген ғимараттар, жертөлелер, қалың жоталар, бейіттер, Сырдария өзенінің жағалауы тексерілуде. Сонымен қатар,  баланың фотосуреті көрсетіліп, сұрастыру жұмыстары жүргізілуде.
Іздеу жұмыстары Полиция департаменті бастығының қатаң бақылауында. Жоғалған жасөспірім  туралы қандай да бір ақпарат анықталған жағдайда  Қызылорда облысы Полиция департаментіне,  Қызылорда қалалық Полиция басқармасына шұғыл түрде хабарласуларыңызды сұраймыз. Байланыс нөмірлері: 8(7242) 29-70-10, 29-75-20, 29-75-07  және 102 арнасы.

Қызылорда қалалық Полиция басқармасының баспасөз қызметі

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: