Жұма, 29 наурыз, 02:47

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№24(2034)
23.03.2024
PDF мұрағаты

Қызылорда қаласының әкімі Асылбек Шаменов тұрғындарды жеке қабылдады

01.12.2022

802 0

Қызылорда қаласының әкімі Асылбек Шаменов «AMANAT» партиясы қалалық филиалының ғимаратында қала тұрғындарын қабылдады. Қабылдауға сонымен қатар қалалық мәслихат хатшысы Ибадулла Құттықожаев, қала прокуроры және қалалық полиция басқармасының бастығы да қатысып, өз салаларына қатысты тұрғындар сауалаына жауап берді. 

Қабылдауға келген қала тұрғындарының көпшілігі баспана, жәрдемақы және түрлі мәселелер бойынша толғандырған сұрақтарын қойды. Тұрғындардың сауалдарына сала басшыларының талқылауымен заң аясында жауаптар беріліп, хаттамаға енгізілген мәселелердің бірқатары жедел шешімін тапты. Уақыт пен зерттеуді қажет ететін мәселелер алдағы уақыттың еншісіне қалдырып, әкімнің тікелей бақылауында болатыны ескертілді.

Айта кетерлік жайт, осы уақытқа дейін қала әкімі Асылбек Өмірбекұлы 7 рет жеке қабылдау өткізіп, 350-ге жуық қала тұрғынның мәселелерін тыңдап, оларды шешуге ықпал етті. Одан бөлек қала әкімі бұған дейін Қызылорда қаласына қарасты ауылдық округтер мен шаһарда бірнеше кездесу өткізіп, тұрғындардың сауалын тыңдаған болатын. Ол кездесулерде тұрғындар ауылдық округке және шаһардағы шағын аудандарға қатысты мәселелерді көтерді. Қала әкімі бұл мәселелердің ескерусіз қалмайтынын және міндетті түрде шешілетінін айтқан еді.

А.НҰРАЗҒАЛИ

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: