Сәрсенбі, 24 сәуiр, 08:37

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№32 (2042)
23.04.2024
PDF мұрағаты

Қызылорда: үш жақты меморандумға қол қойылды

06.05.2021

4555 0

Бүгін қала әкімі Ғанибек Қазантаев Қызылорда қаласының әкімдігі, Кәсіподақ орталығы мен жұмыс берушілер арасында өзара түсіністік пен әлеуметтік әріптестікті қамтамасыз ететін үш жақты Меморандумға қол қойды.

 Тараптар қызметкерлердің жұмыспен қамтылуы, еңбек құқықтары мен кепілдіктерін сақтау және өндірістің қалыпты жұмыс істеуін қамтамасыз ету мәселелері жөніндегі өзара ынтамақтастық туралы меморандумға отырды.

Қорқыт ата атындағы Қызылорда университеті, Болашақ университеті және «Бақ-береке» ЖШС, «Промстройсервис.Е» ЖШС мен Ажар сити, Қызылорда сауда желілері сынды  6 мекеме меморандум талаптарын мақұлдап, Қызылорда қаласының әкімдігі және Кәсіподақ орталығымен   өзара ынтымақтастығын нығайтты.

Басқосуда шаһар басшысы Ғанибек Қонысбекұлы «Алда енді өздеріңіз секілді жұмыс берушілермен, ірі мұнай компанияларымен және кәсіп орындармен де меморандумға отыратын боламыз. Бүгінгі жұмыс алда атқарылар ауқымды жобалардың бастамасы болды.  Қалыптасқан қиын кезеңге қарамастан біздің бастамамызды алғашқылардың бірі болып қолдағандарыңызға шынайы алғысымды білдіремін», – деп, меморандумға қол қойған мекемелердің жұмысына табыс тіледі.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: