Сенбі, 27 сәуiр, 17:13

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№33 – 2043
27.04.2024
PDF мұрағаты

Қызылордада «Алтын дән – 2022» шарасы өтеді

12.10.2022

1099 0

15 қазан күні  «Алтын дән – 2022» іс-шарасы аясында Қызылорда қаласында барлық аудандардың қатысуымен ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі өтеді. 

Жәрмеңкеде Сыр диқандары мен шаруалар өндірген өнімдерін төмен бағада ұсынатын болады. Құрметті қала тұрғындары мен қала қонақтары жәрмеңкеге келіп, Сыр диқандарының тартуын қабыл алыңыздар!

Ауыл шаруашылығы өнімдері жәрмеңкесінің өтетін орындары: 

Арал ауданы – С. Торайғыров көшесінің бойы (Қорқыт Ата мен Исаев көшелерінің аралығы);

Қазалы ауданы – «Шұғыла» мөлтек ауданы (Ғ. Мұратбаев көшесі мен  Қ. Яссауи көшесінің қиылысы);

Қармақшы ауданы – «Журба» көшесінің бойы (Сахи Романов көшесі мен Саламатов көшесінің аралығы);

Жалағаш ауданы – Титов қыстағы (Ә. Қашаубаев пен Жетікөл көшелерінің қиылысы);

Сырдария ауданы – Жанқожа батыр көшесі (Реалбаза алды);

Шиелі ауданы – Тасбөгет кенті (Орталық алаңы);

Жаңақорған ауданы – Астана даңғылы бойы (Е. Көшербаев көшесі мен А. Иманов көшесінің аралығы);

Қызылорда қаласы – Тағзым алаңының алды.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: