Сенбі, 20 сәуiр, 03:13

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№31 (2041)
20.04.2024
PDF мұрағаты

Қызылордада автокөлік ішінен ұялы телефон ұрлаған 36 жастағы күдікті ұсталды

12.05.2023

892 0

Қызылорда қаласы Полиция басқармасының жедел уәкілдері автокөліктен ұялы телефон ұрлаған 36 жастағы бұрын сотты болған азаматты ұстады.

Оқиға 7 мамыр күні сағат 23:00 шамасында орын алған. «Reno Logan» маркалы автокөлігінің ашық тұрғанын пайдаланған күдікті екі смартфонды ұрлап кеткен. Келтірілген шығын 200 000 теңгені құрайды.

Хабарлама келіп түскен сәттен бастап қылмысты ашуға бағытталған қажетті шараларды полицейлер жүзеге асырды. Күдікті телефонды сатып, ақшасын өз бас пайдасына жаратқан. Қазіргі таңда оған қатысты Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 188-бабының 3 –бөлігі (Ұрлық) бойынша сотқа дейінгі тергеп – тексеру әрекеттері жүргізілуде. Ұрлық қылмысына күдіктелген азамат уақытша ұстау изоляторына қамаққа алынды.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: