Жексенбі, 28 сәуiр, 20:50

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№33 – 2043
27.04.2024
PDF мұрағаты

Қызылордада автомобиль жолы жаңартылды

17.01.2024

521 0

Сурет: Өңірлік коммуникациялар қызметі

2023 жылы облыстың жол инфрақұрылымын дамытуға республикалық және облыстық бюджеттен ұзындығы 671 км құрайтын автомобиль жолдары, көшелер және көпір өткелдері жөндеуден өткізілді. Жыл бойы жүргізілген ұлттық жобалар мен түрлі бағдарламалар аймақ басшысының шешімімен оң нәтиже берді. Саладағы серпілістерді Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпарат алаңында облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Жәнібек Сыздықов баяндап берді.

-«Қуатты өңірлер – ел дамуының драйвері» ұлттық жобасы аясында ұзындығы 49,2 км құрайтын облыстық және аудандық маңызы бар жолдарға құрылыс және қайта жаңғырту жұмыстары жүргізілді. Ал «Жалпы сипаттағы трансферттер» бағдарламасы аясында ұзындығы 188 км құрайтын облыстық және аудандық маңызы бар автомобиль жолдарына күрделі және орташа жөндеу жүргізілді. «Өңірлерді дамыту» бағдарламасы аясында Қызылорда қаласында ұзындығы 10 км құрайтын 2 көше мен 2 көпірге жөндеу жұмыстары жүргізілді. Сонымен қатар, «Кіші қалаларды дамыту» бағдарламасы аясында ұзындығы 13 км құрайтын 9 көшеге жөнделді. Ал «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы бойынша Қызылорда қаласы мен аудандарға ұзындығы 167км құрайтын автомобиль жолдары күрделі және орташа жөндеуден өткізілді. Жалпы облыстық бюджеттен 175 км құрайтын Қызылорда қаласы мен аудандарға қарасты елді мекендердің көшелерін жөндеу жұмыстары жүргізілді,- деді басқарма басшысы Жәнібек Шәкімбайұлы.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: