Жексенбі, 28 сәуiр, 00:13

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№33 – 2043
27.04.2024
PDF мұрағаты

Қызылордада «Ауыл аманаты» жобасына құжаттар қабылданып жатыр

04.08.2023

541 0

            Қызылорда облысында «Байқоңыр» ӘКК» АҚ-ы «Ауыл аманаты» жобасын жүзеге асыруды бастады. Жобаға қатысуға ниетті азаматтар қала, аудандағы ауыл шаруашылығы немесе кәсіпкерлік және өнеркәсіп бөлімдеріне құжаттарын тапсыра алады.

            Қаржыландыру сомасы:

            – ауылдық елді мекендер мен шағын қалалардағы жеке кәсіпкерлер 2,5 мың АЕК-ке, яғни 8,6 млн теңгеге дейін;

– ауыл шаруашылығы кооперативтері 8 мың АЕК-ке немесе 27,6 млн теңгеге дейін несие ала алады.

Жылдық сыйақы мөлшерлемесі – 2,5 пайыз.

Мерзімі:

– мал шаруашылығындағы жобаларға 7 жылға;

– бизнестің өзге де бағыттары үшін 5 жылға;

            Кепілмүлікке тұрғын үй, пәтер, тұрғын емес ғимараттар, несие сомасы өтелмеген жағдайда қосымша кепіл ретінде жылжымалы мүлік және жер телімі қабылданады.

            Жеңілдік кезеңі несие мерзімінің 1/3-нен аспайды.

Басты бағыттар:

  1. ауыл шаруашылығы кооперациясы;
  2. ауыл шаруашылығы тауарларын өңдіру, өңдеу және жаңа өңдеу;
  3. егін шаруашылығы;
  4. мал шаруашылығы (құс, балық, ара және мал шаруашылығы);
  5. бизнестің өзге де бағыттарындағы жобалар.

Құжаттар тапсыру рәсімі:

  1. жеке кәсіпкер жобаға қатысу үшін тізімге сәйкес толық құжатты жергілікті әкімдікке өткізеді;
  2. жергілік әкімдік құжаттын толықтығын тексеріп «Байқоңыр» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясына жолдайды;
  3. «Байқоңыр» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы құжаттарды қарауға алып, салалық қорытындылар жасап, шешім қабылдау үшін Несие комитетіне ұсынады;
  4. Несие комиетінің оң қорытындысын алған жағдайда, кепілге қойылатын мүлікке тәуелсіз бағалау жасатылады;
  5. келісім шартқа қол қойылып, ұсынылған кепіл уәкілетті органдарда тіркеуден өткізіледі;
  6. қарыз беру жүзеге асырылады.

            Бизнес жоспар әзірлеу үшін Қызылорда облысы кәсіпкерлер палатасы мен Бизнеске арналған үкімет мекемесіне хабарласуға болады.

Сұрақтар туындаған жағдайда +7 775 451 28 28 нөміріне хабарласыңыз.

«Байқоңыр» ӘКК» АҚ-ның баспасөз қызметі

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: