Сейсенбі, 23 сәуiр, 19:13

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№32 (2042)
23.04.2024
PDF мұрағаты

Қызылордада Сабыр Арыстанбаевтың 90 жылдығына арналған ғылыми-практикалық конференция өтті

11.05.2022

1179 0

9 мамыр күні Қазақстанның еңбек сіңірген инженер-гидротехнигі, Қызылорда облысының құрметті азаматы Арыстанбаев Сабыр Шаймерденұлының 90 жылдығына орай өмірі мен қызметіне арналған ғылыми-практикалық конференция өтті.

Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің Студенттер сарайында өткен конференцияға облыс әкімінің орынбасары М. Жайымбетов қатысып, ғалымның жеткен жетістіктері мен елге сіңген еңбегі жайында баяндады.

Сонымен қатар, мемлекет және қоғам қайраткері, Қызылорда облысының құрметті азаматы, Қазақстан Республикасының құрметті гидротехнигі, техника ғылымдарының докторы, «Ғылыми-ақпараттандыру орталығы «Мемлекетаралық үйлестіру су шаруашылығы комиссиясы» Қазақстандағы филиалының директоры Н.Қыпшақбаев сөз сөйледі.

Ғылыми-практикалық конференцияда мемлекет және қоғам қайраткері, саяси ғылымдарының докторы, профессор Ә.Бәкір, экономика ғылымдарының докторы, экология және гидрометеорология салаларының үздігі А.Шаменов, техника ғылымдарының докторы, профессор, Қызылорда қаласының құрметті азаматы С.Қошқаров, Су ресурстарын пайдалануды реттеу және қорғау жөніндегі Арал-Сырдария бассейндік инспекциясының басшысы, Мемлекеттік Болашақ бағдарламасының түлегі С.Нұрымбетовтер баяндама жасады.

Аталған шараға ҚР Парламенті Мәжілісінің бұрыңғы депутаттары, су шаруашылығының ардагерлері, қоғам қайраткерлері мен туыстары қатысты.

Шара соңы сала үздіктерін марапаттау рәсімімен аяқталды.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: