Жұма, 29 наурыз, 12:53

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№24(2034)
23.03.2024
PDF мұрағаты

Қызылордада тұрғын үй құрылысы қалай жүруде?

17.11.2022

772 0

Биыл Қызылорда қаласында тұрғын үй құрылысына 8 070,1 млн. теңге қаржы бөлінген. Қалалық құрылыс бөлімі бұл қаржы қандай мақсатта жұмсалатынын айтып берді.

Мысалы, «Тұрғын үй құрылысын салу» бағдарламасы аясында бөлінген қаржыға 2021 жылы басталған СПМК-70/2 тұрғын кварталында 50 пәтерлік он ипотекалық тұрғын үй құрылысы аяқталады. Жыл соңында пайдалануға  жалпы көлемі 33 615 шаршы метрді құрайтын 500 пәтер беріледі. Сонымен қатар Сырдария өзенінің сол жағалауы №2 тұрғын кварталында 50 пәтерлік №34 тұрғын үй құрылысы кезекте тұрған отбасыларға беріледі, оның көлемі 3189,5 шаршы метр. Осылайша жыл соңында қызылордалық тұрғындар қоныс тойын тойламақ.

2022 жылы Сырдария өзенінің сол жағалауында  №2 шағын ауданында жоба құны 8,5 млрд. теңгені құрайтын ипотекалық 10 тұрғын үй құрылыс жұмысын бастауға облыстық ішкі көздері кредиттер есебінен 3 149 066,0 мың теңге қаржы бөлінді. Бүгінгі күні мердігер мекемелері де анықталып, жұмыс басталмақ. Аталған құрылыс жұмыстары аяқталса жалпы көлемі 29 907,2  шаршы метрді құрайтын 470 пәтер пайдалануға беріледі. Сондай-ақ, Қызылорда қаласындағы құрылыс қарқыны әрі қарай дамып, әлі де түрлі көпқабатты тұрғын үйлер бой көтеру көзделуде.

Аслан НҰРАЗҒАЛИ

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: